• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметініің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 840 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберiнде Жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.».
2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов