• Мое избранное
«Энергия тұтынудың нормативтерін бекіту және «Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 50 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1346 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Энергия тұтынудың нормативтерін бекіту және «Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 50 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1346 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 6841 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
2014 жылғы 4 маусымдағы
шығыс № 26-1/01-2-2579 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Ұсынылған «Энергия тұтынудың нормативтерін бекіту және «Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 50 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1346 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлаймыз.
 5-кесте бойынша  
 Бірінші жолға түсініктемені енгізу қажет:  
 - кіші станциялардың өзінің қажеттіліктеріне жұмсалған электр энергиясының шығысын тиісті кернеу класының кіші станциялары бойынша орта мәні ретінде есептеу.  
  Бұдан басқа, энергия тұтынудың белгіленген нормативтері өндірістің дамуына байланысты энергия тұтынудың ұлғаюын есепке ала отырып түзетуді талап етеді. Осы түзетулерсіз тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары белгіленген нормативтерден асып кеткені үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнаманы әлеуетті «бұзушы» болып табылады.
 Қолданыстағы норматив пен жұмыс істеп тұрған өндірістегі электр энергиясын нақты тұтыну арасындағы елеулі айырмашылықты нормативтерді есептеу кезінде тиісті баптар бойынша индикаторларды (нормативтерді) бөлумен ашу жұмыстарына және өндіру жұмыстарына үлестік энергия тұтынудың есепке алынбайтынымен түсіндіруге болады.
 Сонымен бірге, көмірді өндіру бірлігіне немесе тау массасының текше метріне электр энергиясын тұтыну нормалары негіздемені талап еткен жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тау-кен-геологиялық жағдайларды, қазба орындарын игерудің жүйесі мен тәсілін, ашу, өндіру, көлік және көмірді өндіру процесін қамтамасыз ететін өзге де технологиялық операциялардың электрлендіру дәрежесін ескере алатын тиісті әдістемелік ұсынымдарды (әдістемелерді) әзірлеуді және бекітуді ұсынамыз. Осы жағдайда, бұдан әрі энергия тұтынудың үлестік нормативтерін есептеу осы әзірленген салалық әдістемелер негізінде тиісті құзыретті мемлекеттік органдарда әрбір көмір разрезі үшін электр тұтынудың жеке нормативтерін кейінгі келісумен және бекітумен жүргізу қажет болады.
 Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева