• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 100/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 мамырда № 9425 тіркелді

Осы редакция 26.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау министрдің орынбасары С.К. Нокинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 3 сәуірдегі
№ 100/нқ бұйрығымен
бекітілген
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Министрліктің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ «Электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz  веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын аттестат (бұдан әрі - аттестат) не мемлекеттік қызметті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздығы № 186 қаулысымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы тікелей түскен немесе «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» (ақпараттық жүйе) Ақпараттық жүйедегі портал арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған сұрауды (бұдан әрі - сұрау) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің сұрау түскені күні тіркеуі;
Өтініш қағаз жеткізгіште түскен жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері қағаз жеткізгіште ұсынылған материалдардың сканерден өткізілген көшірмелерімен бірге өтінішті ақпараттық жүйеде тіркейді;
2) құжаттарды жинау нәтижесінде әрбір көрсетілетін қызмет алушыға қатысты 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері (қызметкерлері) аттестаттаудан өтуге өтініш берушілердің тізімін дайындайды;
3) әрбір көрсетілетін қызмет алушыға қатысты 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері қызмет алушы ұсынған құжаттардың алдын ала талдау анықтамасын (бұдан әрі - анықтама) және ұсынылған құжаттарға сәйкес қызметтік тізімін әзірлеуі, көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшесінің басшысына қол қоюға жолдауы;  
4) аумақтық бөлімшесінің басшысына көрсетілетін қызметті берушінің анықтамға сол күні қол қоюға жіберуі;
5) 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан түскен сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерімен әзірлеп, анықтыманың, сонымен бірге қызметтік тізімнің сканерден өткізілген көшірмесін қоса беріп, көрсетілетін қызметті алушыға әзірленген сұрауды одан әрі қарау үшін жолдауы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесімен жіберілген сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері түскен күні тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушыны таңдауы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінен түскен сұрауды аттестаттау комиссияның отырысына дайындауы;
8) аттестаттау комиссияның сұрауға 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде қоса берілген материалдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 25 қаңтарда № 165 қаулысымен бекітіліген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалардын» (бұдан әрі - Қағидалар) біліктілік талаптарына сәйкестігін және көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі жолдаған анықтамамен қызметтік тізімді қарастыру;
9) көрсетілетін қызметті берушінің Қағидалардың талаптарына сәйкес аттестаттау комиссиясы отырысы басталғанға дейін қараудың қорытындысы бойынша 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде хаттаманы бекітуі;
10) көрсетілетін қызмет беруші тестілеуге жіберу немесе жібермеу хаттамасын, сондай-ақ тестілеу жүргізу кестесін бес (5) жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшеге жолдау;
11) көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшесінде хаттаманы түскен күні тіркеу;  
12) көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшесінің тестілеуге жіберу немесе жібермеу хабарламасын 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызмет алушыға жолдау;
13) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшенің уәкілетті қызметкері көрсетілетін қызметті алушыларға тестілеуді өткізу ережесімен таныстырады және тестілеуді өткізу көрсетілетін қызметті берушінің бекітілген уакытымен өткізеді;
14) көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті қызметкері «Сарапшыларды аттестаттау АЖ» бағдарламасына автоматты түрде түскен нәтижелерді аттестаттау комиссиясына қарау үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жолдауы;
15) 10 (он) жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті қызметкері ұсынған құжаттарды аттестаттау комиссиясының Қағидаларға сәйкес қарауы;
16) көрсетілетін қызметті берушінің Қағидалардың талаптарына сәйкес аттестаттау комиссиясы отырысы басталғанға дейін қараудың қорытындысы бойынша 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде хаттаманы бекітуі;
17) көрсетілетін қызмет берушінің аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасын көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшелеріне 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде жолдауы;  
18) көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшенің уәкілетті қызметкерінің аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы түскен күні оны тіркеуі;
19) 4 (төрт) жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшенің жауапты қызметкері көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшесі басшысының сұрауына қол қоюы;
20) сұрау түскен күні көрсетілетін қызмет берушінің аумақтық бөлімшесі басшысының қол қоюы;
21) аттестаттау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті қызметкері 5 (бес) жұмыс күнінің көрсетілетін қызмет берушінің басшысы қол қоюы үшін ішінде ақпараттық жүйеде оң нәтижесі бар сұрау немесе дәлелді бас тарту туралы сұрау қалыптастыруы;
22) сұрау түскен күні көрсетілетін қызмет беруші басшысының оған қол қоюы.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген сұрау;
2) аттестаттаудан өтуге өтініш берген тұлғалардың тізімі;
3) ұсынылған құжаттарға сәйкес анықтама және қызметтік тізім;
4) ұсынылған құжаттарды алдын ала қараудың қорытындысы бойынша барлық қажетті деректемелері көрсетілген сұрау және қызметтік тзімі бар анықтама;
5) шығыс хат;
6) кіріс нөмірі бар тіркелген сұрау;