• Мое избранное
«Бірыңғай тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Бірыңғай тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Бірыңғай тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Мына:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бірыңғай тіркеуші есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен жасалған «кері РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шартты талаптар (міндеттемелер) туралы есеп;  
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы құралдарын аударым жасау бойынша операциялар туралы есеп;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметтің нәтижелері туралы есеп;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірыңғай тіркеуші қызмет көрсететін инвестициялық қорлардың және пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны туралы есеп;
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді орындауға қатысатын бірыңғай тіркеушінің және филиалдарының қызметкерлері туралы мәліметтер;
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша эмитенттердің дауыс беруші акциялары туралы есеп;
12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес бірыңғай тіркеушінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Бірыңғай тіркеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей;
2) тоқсан сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) тоқсан сайын осы қаулының 1-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшасында көзделген есептілікті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылғаны танылсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келимбетов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
 Ә. Смайылов _____________
 2014 жылғы «___» _________  
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
___ жылғы ___ ___________
№ ____ қаулысына
1-қосымша
Тіркеуші есептілігінің тізбесі
Тіркеуші есептілігіне:
меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
меншікті активтер есебінен жасалған «кері РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есеп;
меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есеп;
басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп;
шартты талаптар (міндеттемелер) туралы есеп;  
қаржы құралдарын аударым жасау бойынша операциялар туралы есеп;
бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметтің нәтижелері туралы есеп;
тіркеуші қызмет көрсететін инвестициялық қорлардың және пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны туралы есеп;
бағалы қағаздармен мәмілелерді орындауға қатысатын тіркеушінің және филиалдарының қызметкерлері туралы мәліметтер;
эмитенттердің дауыс беруші акциялары туралы есеп кіреді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
___ жылғы ___ ___________
№ ____ қаулысына
2-қосымша
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы __________
Индекс: 1-REG_CBSA