• Мое избранное
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы кіріктірілген білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізу және енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы кіріктірілген білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізу және енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 259 бұйрығы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағын іске асыру шеңберінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Эксперименттік режимде О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы кіріктірілген білім беру бағдарламалары 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап сынақтан өткізілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Сәрінжіпов