Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы » және «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын жедел жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 258 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Заң жобаларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен ұсынылған түзетулерді сапалы пысықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Заң жобаларын жедел жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Заң жобаларын жедел жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамы (бұдан әрі - Жұмыс тобы);