• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасын (PIAAC) жүргізу бойынша ведомствоаралық сараптамалық кеңесті құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 318 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықованың 2014 жылғы 17 шілдедегі № 20-53/3556 тапсырмасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасын (PIAAC) жүргізу бойынша ведомствоаралық сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым
 министрлігінің
 2014 жылғы 30 шілдедегі
 № 318 бұйрығына
 1-қосымша
Ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасын (PIAAC) жүргізу бойынша ведомствоаралық сараптамалық кеңестің құрамы

Т.А.Ә.

Лауазымы

1.

Балықбаев

Такир Оспанұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, төраға

2.

Каленова

Дана Жамбылқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры, төраға орынбасары

3.

Кукамбаева

Джанат Керейқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің Статистика және жинақтық талдау басқармасының басшысы, хатшы

4.

Абулхатин

Ерболат Махамбетұлы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің Халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасының басшысы (келісім бойынша)

5.

Айдарбекова

Жұлдыз Әділханқызы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің Әлеуметтік статистика басқармасының басшысы (келісім бойынша)

6.

Беспалинов

Тілеуғазы Айтқазинұлы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Өңірлік саясат департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)

7.

Жүнісов

Ернат Ғапуұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің Статистика және талдау басқармасының басшысы

8.

Ибрашева

Әлима Хажетқызы

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Жоғары білімді дамыту департаментінің директоры

9.

Қартпаев

Берікбол Айтқожаұлы

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының Халықаралық зерттеулер зертханасының аға сарапшысы

10.

Кенжетаева

Меруерт Қадірліқызы

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Техникалық және кәсіптік білімді дамыту департаментінің бас талдаушысы

11.

Конкаева

Сандуғаш Амантайқызы

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Техникалық және кәсіптік білімді дамыту департаментінің директоры

12.

Мелдебекова

Майра Тұрғанбайқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің Статистика және талдау басқармасының басшысы

13.

Молдабаева

Бахыт Қадырқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті директорының орынбасары

14.

Молдажанова

Әсемгүл Александрқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының орынбасары

15.

Молдақасымов

Ербол Бахтиярұлы

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Жоғары білімді дамыту департаментінің бас талдаушысы

16.

Мұсабек

Ерболат Нығыманұлы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)

17.

Нарбекова

Бану Мұқатайқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің Білім беру мазмұны және әдістемесі басқармасының басшысы

18.

Черкашина

Надежда Ивановна

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Жоғары білімді дамыту департаментінің жетекші талдаушысы

19.

Шуланов

Ерлан Нұрлыбекұлы

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым
 министрлігінің
 2014 жылғы 30 шілдедегі
 № 318 бұйрығына
 2-қосымша
Ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасын (PIAAC) жүргізу бойынша ведомствоаралық сараптамалық кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасын (PIAAC) жүргізу бойынша ведомствоаралық сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.