Мемлекеттік тілде салалық терминдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 234 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жетекшілік ететін салаларда қолданылатын мемлекеттік тілдегі терминдерді ретке келтіру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссияда бекіту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік тілде салалық терминдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.