№ п/п | Іс-шараның атауы, тақырыбы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
Ұйымдастыру жұмыстары |
1. | Жедел жағдайға әсер етуші алаяқтықтың әрбір түрлері бойынша мақсатты топтарды анықтау мақсатында азаматтарға қатысты алаяқтық бойынша қылмыстың жай-күйіне талдау жасап, халықпен, азаматтық қоғам институттарымен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу | Бас Прокурорға ақпарат | мамыр | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
2. | Азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттерге қарсы тұру бойынша талдау, ақпараттық-анықтамалық материалдармен ақпараттық алмасу жүйесін ұйымдастыру | Ақпарат | мамыр - желтоқсан | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
3. | Азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттерге қарсы тұру бойынша БАҚ және жұртшылық алдында спикерлердің сөз сөйлеуін қамтамасыз ету | Спикерлер тізімі | мамыр, одан әрі тоқсан сайын | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
4. | Азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттерге қарсы тұру бойынша іс-шаралар тізімін қалыптастыру | Ведомство бойынша оқиғалар қатары | Мамыр, одан әрі тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 25-не дейін | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
5. | Азаматтарға қатысты алаяқтықпен күрестің жай-күйі туралы талдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2014 жылғы 15 шілдеге, 30 желтоқсанға қарай | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
6. | ҚР Жоғарғы Сотына алаяқтық жөніндегі дербес нормативтік қаулыны қабылдау туралы өтініш әзірлеп, жолдау | ҚР Жоғарғы Сотына өтініш | 2014 жылғы 15 шілдеге қарай | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
7. | Азаматтарға қатысты алаяқтықпен күрестің бірлескен шараларын әзірлеу бойынша облыстық прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдары басшыларының халықпен, кәсіби қауымдастықтармен, қоғамдық бірлестіктермен, әкімдіктер, ПИК, сауда-ойын-сауық кешендері, автокәсіпорындар өкілдерімен және т.б. кездесулер, дөңгелек үстелдерді БАҚ-та жариялай отырып өткізуді ұйымдастыру. | Кездесулер, дөңгелек үстелдер, акциялар және т.б. | Ай сайын | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
8. | Азаматтарға қатысты алаяқтықпен күрес бойынша қабылданып отырған шаралардың тиімділігі туралы прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдары Қоғамдық кеңестерінің отырыстарын БАҚ-та жариялай отырып өткізуді қамтамасыз ету | Қоғамдық кеңестердің жиналыстары | Жыл бойына, Қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларына сәйкес | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
9. | Азаматтарға қатысты алаяқтықпен күрес мәселелерін жариялау тақырыбына БАҚ және интернет-ресурстарына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету. | Ай сайынғы контенттік талдау | мамыр-желтоқсан | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
Ақпараттық жұмыс |
10. | Азаматтарға қатысты алаяқтықпен күрес мәселелері бойынша жаңалықтар бөлігі аясында сюжеттердің шығуын ұйымдастыру | Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық және өңірлік БАҚ | Ай сайын | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
11. | Азаматтарға қатысты алаяқтықпен күрес мәселелері бойынша БП, ІІМ, ЭҚСЖКА өкілдерінің сұхбаттарын шығаруды ұйымдастыру | Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық БАҚ | Ай сайын | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
12. | Алаяқтық жасаған тұлғаларға қатысты қабылданған шаралар, олардың тағдыры туралы бағдарламалар, соның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан және сот залынан репортаждар шығуын ұйымдастыру | Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ | Ай сайын | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
13. | Азаматтарға қатысты алаяқтықты қоса алғандағы құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша бағдарламалар топтамасының шығуын және құқық қорғаушылық бағытта шығатын бағдарламалар аясында айдарларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету | Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ | Айына 1 рет | ІІМ, ЭҚСЖКА |
14. | Прокуратура органдарының құқықтық бағдарламалары аясында прокуратураның құқық қорғаушылық қызметін көрсете отырып азаматтарға қатысты алаяқтықтың профилактикасы мәселелері бойынша тікелей эфирлер ұйымдастыру | Облыстық телеарналар | Айына 1 рет | БП |
15. | Ішкі істер органдары өткізетін жедел-профилактикалық іс-шараларды жариялауды ұйымдастыру | Республикалық және өңірлік БАҚ | Мамыр, маусым, тамыз, қазан | ІІМ |
Арнайы жобалар |
16. | Азаматтарға қатысты алаяқтықты қоса алғандағы құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша ведомстволық интернет-ресурстарда арнайы айдарлар ашу | Ведомстволық интернет-ресурстарда айдарлар | Ай сайын жаңарту | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
17. | Прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдарының ресми сайттарында алаяқтықты ескерту, оның профилактикасы және күресу мәселелеріне қатысты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты, сондай-ақ бейне-фото материалдарды орналастыруды қамтамасыз ету | Ведомстволық интернет-ресурстарда баспасөз ақпараттары мен БАҚ үшін өзге де мәліметтер | Ай сайын | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
18. | Мемлекеттік органдардың сайттарында алаяқтықпен күрес туралы арнайы бөлімге сілтеме жасайтын тақырыптық баннерлер жасауды және орналастыруды қамтамасыз ету | Баннерлер | маусым | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
19. | Коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртектердің келесі парағына тақырыптық ақпараттар орналастыру туралы мәселені сәйкес кәсіпорындармен пысықтау | Ақпарат | маусым | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
20. | Азаматтарға қатысты алаяқтықтың профилактикасы бойынша тақырыптық бейнероликтерді әзірлеуді және оларды республикалық, өңірлік телеарналар мен LED-экрандарда шығаруды ұйымдастыру. | «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «СТВ», «7 канал», «1 канал Евразия» телеарналарының, өңірлік телеарналардың эфирінде көрсету. | Ай сайын | ІІМ, БП, ЭҚСЖКА |
21. | Азаматтарға қатысты алаяқтықтың профилактикасына арналған ішкі істер және қаржы полициясы органдары өкілдерінің, соның ішінде бірлескен интернет-конференцияларын өткізуді ұйымдастыру | «В-news» порталы IIД веб-сайттары | Маусым-қараша | ІІМ, ЭҚСЖКА |
22. | Азаматтарға қатысты алаяқтықтың профилактикасы бойынша қабылданып отырған шаралар, олардың нәтижелері туралы ішкі істер және қаржы полициясы органдары өкілдерінің бірлескен брифингін өткізуді ұйымдастыру | Брифинг | Қараша-желтоқсан | ІІМ, ЭҚСЖКА |
23. | Азаматтардың көп жиналатын орындарында әртүрлі алаяқтыққа қарсы тұру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету (қалалық қоғамдық көлік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары). | Ұсыныстар, профилактикалық стендтер. | Мамыр-желтоқсан | ІІМ, ЭҚСЖКА |
24. | Әртүрлі алаяқтық нұсқаларының нәтижелілігі, соның ішінде «қаржылық пирамидалар» көмегімен материалдық әл-ауқатты жөндеп алу, сондай-ақ ешбір қиындықсыз қаражатты көбейту тәсілдері туралы ақпарат таратуға қатысты түрлі интернет-ресурстарына жедел мониторинг жүргізу. Осындай ақпарат табылған жағдайда ақпарат авторларының қылмыстық ниеттері болуы мүмкіндігі туралы азаматтарды ескерту мақсатында құқық қорғау органдарының ресми түсіндіруін қамтамасыз ету. | Мониторинг және пікір білдіру Президент Әкімшілігіне ақпарат | Ұдайы 2014 жылғы 30 желтоқсанға қарай | БП, ІІМ, ЭҚСЖКА БП, ІІМ, ЭҚСЖКА |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|