«Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының 2014 жылы 25 шілдеде № 9623 тіркелді
Редакция 16.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберiлуiн;
3)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.