• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 наурызда № 9226 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 08.05.2015 жылғы № 439 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенант Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен бекітілген
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» элктрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Электрондық мемлекеттік қызмет) Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - күзет қызметімен айналысу құқығына заңды тұлғаларға берілген лицензия, оны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасы не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия беруден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап. Лицензияны қағаз тасымалдағышта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекетінің тәртібі
1. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық әрекеті және шешімдері (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың № 1 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген:
1) тұтынушы ЭҮП тіркеуді өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегі арқылы жүзеге асырады, ол тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – ЭЦҚ тіркеу куәлігін тұтынушының компьютерінің интернет-браузеріне бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭҮП паролін енгізу (авторизация процесі) процесі;
3) 1-шарт – ЭҮП тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалылығын логин (БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЭҮП-ның хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-процесс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығару және тутынушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде қоса отырып толтыруы (мәліметтерді енгізу);