• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 883 жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы):
сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері — жаңадан құрылған Агенттікке;
экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Агенттікке беріле отырып, таратылсын.