• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы
  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы «__» _______ «Дене шынықтыру мен спорт туралы» Заңының 6-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1545 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013ж., №80, 1055-құжат);  
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Дене шынықтыру және спорт туралы  
  Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
 1) ардагер спортшы – спорттық мансабын аяқтаған жоғары дәрежелі спортшы;
 2) әуесқой спорт – жеке тұлғаларға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы;
 3) бейімдік дене шынықтыру және спорт – мүгедектерді оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды жеңуіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені;
 4) бұқаралық спорт – халық арасында дене шынықтыруды дамытуға жәрдемдесетін спорт қозғалысы;
 5) бірыңғай спорттық сыныптама – спортшылардың шеберлiк деңгейiн немесе жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерінiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спортшылардың, жаттықтырушылардың спорттық атақтары, разрядтары және спорт төрешілерінің санаттары жүйесi;  
 6) дене тәрбиесi – денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлы болуы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
 7) дене шынықтыру – мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы;
 8) дене шынықтыру даярлығы – адамның дене шынығуы қасиеттерін тәрбиелеуге және функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс;  
 9) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi – әдiскер) – оқу-жаттығу процесін әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын, кәсіби білімі бар жеке тұлға;
 10) дене шынықтыру және спорт жүйесi – халыққа дене тәрбиесiн беру және дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
 11) дене шынықтыру және спорт саласындағы маман – дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;  
 12) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган – дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
 13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары – жеке тұлғалардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық керек-жарақпен) объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар);
 14) дене шынықтыру-спорт ұйымы – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
 15) Дүниежүзілік универсиада – Спорттың әр түрi бойынша студенттер арасында өткiзiлетiн кешенді халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
 16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарысушылық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын, спорттық кәсіби білімі бар жеке тұлға;
 17) жаттықтырушыны, спорт дәрігерін біліктілігінен айыру – жаттықтырушыны, спорт дәрігерін допингті пайдаланғаны, халықаралық және республикалық спорт ұйымдары (федерациялары) бекіткен нормаларды бұзғаны, сондай-ақ, мінез-құлықтың моралдық-этикалық нормаларын және Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнамасында белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін еңбек (кәсіби) қызметінен шеттету;
 18) жоғары дәрежелі спортшы – спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) мүшесi болып табылатын және (немесе) «Қазақстан Республикасының спорт шеберінен» төмен емес спорттық атағы бар спортшы;
 19) жоғары жетiстiктер спорты – спортшылардың спорттық жарыстарда барынша жоғары спорттық нәтижелерге немесе жеңістерге қол жеткiзуiн көздейтін спорт саласы;
 20) кәсiпқой спорт – спорттық ойын-сауық іс-шараларын (жарыстарды) ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оларға дайындалғаны және қатысқаны үшін спортты кәсіби қызметі ретінде таңдаған спортшылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сыйақы алатын спорттың құрамдас бөлігі;
 21) кешендi ғылыми топ – спортшының функционалдық жай-күйін, резервтік мүмкіндіктерін, даярлығының психологиялық және техникалық деңгейін бағалауға бағытталған, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық, психологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы;
 22) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының тестілері – балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы;
 23) мектеп спорты – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында оқитындардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған спорттың бір бөлігі;
 24) мектептегі спорттық лига – мақсаты мектеп спортын кеңінен таратуға және бір немесе бірнеше спорт түрін дамытуға жәрдемдесу, мектеп оқушыларымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын мектеп оқушылары арасындағы спорттық қозғалыс;
 25) мемлекеттiк жаттықтырушы – Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы;
  26) мүгедек спортшы – тiршiлiк-тынысының шектелуiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың зардаптарынан, кемiстiктерден организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрлерімен айналысатын жеке тұлға;
 27) мүгедек спортшыларды сыныптау – мүгедек спортшыларға функционалдық мүмкіндіктер деңгейі өздеріне ұқсас басқа мүгедек спортшылармен жарысқа түсу мүмкіндігін жасау мақсатында сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының олардың дәрежесін (сыныптамалық санатын) айқындау процесі;
 28) нұсқаушы-спортшы – спорттық қызметін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлемі шартымен жүзеге асыратын спортшы;  
 29) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
 30) Паралимпиадалық ойындар – тiрек-қозғалу аппараты мен көру органдары зақымданған мүгедек–спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
 31) спорт – спорттық жарыстар және адамды оған даярлаудың арнайы нысанында қалыптасқан спорт түрлерінің жиынтығы ретіндегі әлеуметтік-мәдени қызмет саласы;
 32) спорт пәні – айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;
 33) спорт резерві – жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті бар жас және жасөспірім жастағы спортшылар;
 34) спорт төрешiсі – арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке тұлға;
 35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) – даярлықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;
 36) Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалар) – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шартымен спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;