Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің, департаменттері мен дербес басқармаларының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығы
Toggle Dropdown
Осы редакция 16.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) туралы ереженің 12-тармағының 16) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН :
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) ІІМ Криминалдық полиция комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
2) ІІМ Тергеу комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
3) ІІМ Ішкі әскерлер комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
4) ІІМ Әкімшілік полиция комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
5) ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
6) ІІМ Көші-қон полициясы комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
7) ІІМ Жол полициясы комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
8) ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
9) ІІМ Штаб-департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
10) ІІМ Жедел жоспарлау департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
11) ІІМ Кадр жұмысы департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
12) ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
13) ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
14) ІІМ Тыл департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
15) ІІМ Қаржымен қамтамасыз ету департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
16) ІІМ Техникалық қызмет департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
17) ІІМ Заң департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
18) ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
19) ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы туралы ереже осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
20) ІІМ «Интерпол» Ұлттық орталық бюросы туралы ереже осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
21) ІІМ Ішкі бақылау басқармасы туралы ереже осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі департаменттердің, ІІМ білім беру ұйымдарының және дербес бөліністерінің бастықтары құрылымдық бөліністер туралы өз ережелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысымен және осы бұйрықпен бекітілген үлгі нысанға сәйкес келтірсін.
Toggle Dropdown
4. Комитеттердің төрағалары 2011 жылдың 27 қарашасына дейінгі мерзімде заңнамамен белгіленген тәртіпте әділет органдарында құрылтай құжаттардағы өзгерістерді тіркеулерді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.Ж. Оразғалиев) жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Министр милиция генерал-майоры Қ. Қасымов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 565 бұйрығымен бекітілген
№ 1 қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті туралы ереже
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) Криминалдық полиция комитеті (бұдан әрі - Комитет) қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ІІМ-нің құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Toggle Dropdown
Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті» мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ІІМ-нің нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
Toggle Dropdown
Комитет егер заңнамаға сәйкес бұған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.
Toggle Dropdown
4. Комитеттің заңды мекенжайы:
Toggle Dropdown
010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1.
Toggle Dropdown
5. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде құқықтық актілер шығарады.
Toggle Dropdown
6. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
8. Комитеттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штаттық санының лимиті шегінде Ішкі істер министрімен келісілгеннен кейін жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлға бекітеді.
Toggle Dropdown
9. Комитет:
Toggle Dropdown
1) басшылығынан;
Toggle Dropdown
2) Ұйымдастырушылық-талдамалық және «Т» қамтамасыз ету басқармасынан;