• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

2014-2015 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 шілдеде № 9587 тіркелді

Осы редакция 29.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2014-2015 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2014-2015 оқу жылына арналған сырттай қысқартылған оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.