Toggle Dropdown
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарының құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарының құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 192-бабының 6 және 7 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарының құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды кеден органдарының жүзеге асыру және кеден органдары мен өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл қағидасыбекітілсін.
Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгеннен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарымен құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру қағидасы»
1. Осы Қағида «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолданылу туралы» Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 жылғы №317 шешіміне (бұдан әрі – Шешім) сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Зертханалық бақылауды жүргізу бойынша функцияларды қоспағанда Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады, олардың мақсаты Кеден одағының мүшелері болып табылмайтын басқа мемлекеттерденКеден одағының аумағына жұқпалы және экзотикалық жануарлардың ауруларының сырттан әкелінуінен және таралуынан сақтау.
Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бақылаушы органдар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) Кеден одағының уәкілетті органдары – Ветеринария саласында қызметтерін жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдары.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
4. Ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын бақылауға жататын тауарлар (бұдан әрі – бақылауға жататын тауарлар) оның аумағына бақылауға жататын тауар әкелінетін Кеден одағының уәкілетті органы берген әкелуге арналған рұқсаты және (немесе) осы Қағиданың 5-тармағында көзделген бақылауға жататын тауарларды қоспағанда, бақылауға жататын тауарларды жөнелтуші елдің құзыретті органы берген ветеринариялық сертификаты бар болған кезінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінеді.
5. Кеден одағының кедендік аумағына ветеринарияда қолданылу үшін дәрі-дәрмек құралдары мен мал азығының қоспаларын әкелу Кеден одағының уәкілетті органдары оларды тіркеген кезде жүзеге асырылады.
Кеден одағының кедендік аумағына химиялық және микробиологиялық синтездідәрі-дәрмек құралдары мен мал азығының қоспаларын дайындаушы өнеркәсіп беретін, оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатпен ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырылады.
Кеден одағының кедендік аумағына ит пен мысыққа арналған азықтарды, сондай-ақ тұтынушы қорабында термитикалық өңдеуден (температурасы плюс 70 градус Цельсиядан төмен емес, уақыты 20 минуттан кем емес) өткен ит пен мысыққа арналған дайын азықтарды әкелу, олар оның аумағына әкелінетінКеден одағының уәкілетті органы берген әкелуге арналған рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Кеден одағының кедендік аумағына жануарлар мен балықтардың немесе олардың фрагменттерінің, олар толық таксидермиялық өңдеуден өткенбарлық түрлерінің тұлыптарын әкелу ветеринариялық сертификаттарсыз және бөлшек желісінде оларды алғанын растайтын құжаттарды ұсыну шарттары кезінде әкелуге рұқсатсызжүзеге асырылады.
Кеден одағының кедендік аумағына жеке тұлғалар жеке пайдалануы үшін тасымалданатын 2 бастан аспайтын мөлшерде иттер мен мысықтарды, сондай-ақ жөнелтудің алдында 5 күн ішінде клиникалық қарап тексеруді жүргізу туралы құзыретті органның белгісі бар болған кезде, бұл жағдайда ол ветеринариялық сертификатқа тен болатын халықаралық паспортты алып жүрумен рұқсатсыз әкелуге және карантинға кіргізуге рұқсатсыз спорттық жылқыларды әкелуге жол беріледі.
Кеден одағының кедендік аумағына жеке тұлғалармен жеке пайдалану үшін, көрсетілген өнімдерді әкеткен мемлекеттің және мемлекеттің өндірген эпизоотикалық қатыныстағы жағдайы жақсы болған кезінде, зауыт орамасын қоса алғанда 5 кг дейін мал өнімінен жасалған дайын өнімдерді әкелуге арналған рұқсатсыз және жол беріледі.
6. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы жануарлар мен жануарлардан өндірілген шикізаттың транзиті әкелу кезінде Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту болжанған өткізу пункті арқылы Кеден одағының уәкілетті органы транзитке берген рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. Рұқсатта жүру бағыты көрсетіледі.
Кеден одағының кедендік аумағы арқылы басқа бақылауға жататын тауарлардың транзиті Кеден одағының уәкілетті органының рұқсатынсыз және тексеріп қараусыз жүзеге асырылады.
Бақылауға жататын тауарлардың транзиті кезінде тексеріп қарау (жануарларды қоспағанда) автомобиль өткізу пунктінде тек бақылау мемлекеттік органдардың шешімі бойыншанемесе мәлімделген бақылауға жататын тауардың сәйкес еместігі туралы ақпарат бар болған кезде жүргізіледі.
Кеден одағының кедендік аумағынан бақылауға жататын тауарларды әкету әкетуге рұқсаты және оның аумағынан бақылауға жататын тауар экспортталатын Кеден одағының уәкілетті органы берген әкетуге арналған рұқсат және ветеринариялық сертификаты бар болған кезде жүзеге асырылады.
7. Бақылауға жататын тауарларға қатысты әкелу, әкету және транзиті кезінде мынадай бақылаудың түрлері қолданылады: құжаттамалық және физикалық.
Құжаттамалық бақылау – қауіпсіздікті растайтынқұжаттарды, бақылауға жататын тауарларды әкелуге (әкетуге) немесе транзитіне рұқсаттың бар болуын, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) талаптарға (бұдан әрі - Бірыңғай ветеринариялық талаптар) берілген құжаттардың мазмұнының сәйкестігін тексеру.
Физикалық бақылау – бақылауға жататын тауарларды тексеріп қарау және жануарларды, жануарлардан жасалған өнімдерді және шикізаттарды қарап тексеру, ұсынылған ілеспе ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректердін сәйкестігін тексеру, оларда көрсетілмеген объектілерінің болуын, сондай-ақ сәйкестігі жоқ объектілерді бірге өткізуді (тасымалдауды) жою, көлік құралының сәйкестігін және ветеринариялық-санитариялық талаптарда белгіленген өткізу (тасымалдау) жағдайы мен режимін, орамасын және маркіленуін бақылау.
8. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы бақылауға жататын тауарларды өткізу кезінде тасымалдаушы немесе оның тапсырысы бойынша әрекет ететін тұлға (бұдан әрі – тасымалдаушы) кеден органына жүктелген бақылау функцияларын өту үшін тауарға ілеспе құжаттарды кеден органына ұсынады.
9. Ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын автомобиль өткізу пунктінің лауазымды тұлғасы (бұдан әрі – ВСБ-ның лауазымды тұлғасы) құжаттарды ұсыну кезінде бақылауға жататын тауарлардың транзитін немесе әкелуге/әкетуге рұқсаты барын, сондай-ақ Бірыңғай ветеринариялық талаптарға берілген құжаттардың мазмұнының сәйкестігін тексереді.
Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ бақылауға жататын тауарлардыКеден одағының кедендік аумағы бойынша өткізу (тасымалдау) кезінде белгіленген қызметі саласында Бірыңғай ветеринариялық талаптарды бұзуда жауапты тұлғалар Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, бұзушылық анықталған аумақта жауапкершілікке тартылады.
Анықталған бұзушылықтар туралы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша 2-данада акт жасалады.
10. Құжаттамалық бақылауды аяқтағаннан кейін ВСБ лауазымды тұлға ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкес емес екенін анықтаған жағдайда бақылауға жататын тауарларға қатысты тексеріп қарауды (тексеруді) жүргізеді, оның нәтижесі бойынша осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2-данада акт жасалады.
Жануарларды ветеринариялық тексеру әр партиясына жүргізіледі, бұл ретте жануарлардың сәйкестендіру нөмерлері (дене жазулары, чиптері, құлақ ілмелері, ендері және т.б.) ветеринариялық сертификаттарында көрсетілген номерлерімен сәйкестендіріледі, тасымалдау жағдайлары, жануарлардың жағдайы және оларды әрі қарай өткізудің мүмкіндігі тексеріледі.
Бақылауға жататын тауарларды тексеріп қарау (қарап тексеру) кезінде көрінетін өзгерістерді анықтау жағдайда, ВСБ лауазымды тұлғасы зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін сынама алуды жүзеге асырады.
Зертханалық зерттеулер үшін сынама алу:
1) жануарды кейін оқшаулай отырып, олардың клиникалық жағдайының өзгеруі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын анықтау мақсатында қанның, сілекейдің, мұрын ағындыларының, экскрименттердің сынамаларын іріктеу жүзегеасырылады;
2) диагнозын белгілеу мақсатында жануардың өлім-жітімі (патологиялық материал алу);
3) дефростацияның, бүлінудің, тұтастығының, таңбалауының, бұзылуының белгілері, бөтен иістің болуы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ағуы анықталған кезде жүзеге асырылады.
Іріктеп алынған материалдар зерттеулер жүргізу үшін ілеспе құжатпен бірге жақын жердегі ветеринариялық зертханаға жолданады.
11. Ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізу нәтижесі бойынша ВСБ лауазымды тұлғасы бақылауға жататын тауарларға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
2) уақытша тоқтату туралы;