«Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 372-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 21 маусымдағы № 212-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 372-НҚ бұйрығына, мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
«2004 жылғы 28 қазандағы № 1109», «18-тармағының 1) тармакшасына» деген сөздер тиісінше «2007 жылғы 12 қазандағы № 943», «21-тармағының 6) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер есептеу әдістемесінде:
1-тармақтағы «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) тармақшалары алып тасталсын;
4, 5, 6, 7-тармақтар алып тасталсын;