• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 қаңтарда № 9118 тіркелді

Осы редакция 19.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет реламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру, өтініштерін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы «Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 389 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8133 тіркелді) 1-тармағының 15) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
4. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2014 жылғы 30 қаңтардағы
 № 39 бұйрығына
 1-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда № 1557 қаулысымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт), аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестациялық комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы шешімі. Комиссияның шешімі қағаз жүзінде беріледі.
Комиссиясының аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы шешімі Стандарттың 1, 2-қосымшаларымен белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын алу рәсімдері (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) өтінішті тіркеу;
2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарау;
3) өтінішті құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету басқармасының басшысы қарау;
4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету бөлімінің маманы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізуге өтінішті қарау және хабарлама ресімдеу;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу туралы хабарламасына қол қою;
6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу туралы хабарламаны жіберу;
7) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау комиссиясын өткізу;
8) Комиссияның мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі және беруі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету бөлімі басшысы;
4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету бөлімінің маманы;
5) Комиссия.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің басшысына нұсқаумен жібереді;
3) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің басшысы құжаттар топтамасын түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманына нұсқау береді;
4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманы 5 (бес) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткізілетіні туралы хабарлама ресімдейді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткізу туралы хабарламаға қол қояды;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткізілетіні туралы хабарламаны жолдайды;
7) Комиссия нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткізеді;
8) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестат тапсырған сәттен бастап жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары мәтіндік кестелік сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің қосымшасында келтірілген.
«Нотариаттық қызметпен
 айналысу құқығына
 аттестаттаудан өткізу»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламентіне
 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процессіндегі рәсімдер (іс-қимылдар), реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл кезектілігінің мәтіндік кестедегі сипаттамасы
1-Кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы