• Мое избранное
«Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялауды реттейтін, кейбір мәселелер туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялауды реттейтін, кейбір мәселелер туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 6996 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрлігі
2014 жылғы 09 маусымдағы
№  03-05/3029 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялауды реттейтін, кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
 Осыған байланысты, барлық автобус маршруттары шығынды болып табылмайды, 5-тармақта « осы тұрақты тасымалдаушы» деген сөздері  « осы тұрақты тасымалдайтын маршрут» деген  сөздерімен ауыстыруды ұсынамыз.  
   2. 8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын «Комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, аумақтық салық және монополияға қарсы органдардың өкілдері, сондай-ақ автокөлік салалық қоғамдық бірлестіктерінің, аймақтық кәсіпкерлік палатасының өкілдері    кіргізілсін». Осы ұсыныс, аймақтық кәсіпкерлік палатасының өкілдері, кәсіпкерлердің заңмен қорғалатын мүдделерін ақпараттандыру мақсатында Комиссия құрамына кіру қажет.  
 10-тармақта емле қатесін түзету мақсатында «Комиссиямен» деген сөзі «Комиссия» сөзіне ауыстырылсын.  
14-тармақ толықтырылсын, үш жылдық мерзімге бекітілген субсидиялау сомасы инфляция, девальвация үдерісі жағдайында және осыған байланысты бюджеттік жоспарға тиісті өзгерісті енгізумен тарифтерді қайта қараумен ауысуы мүмкін.  
16-тармақта баяндалғанның мағынасының қателігін түзету үшін  
   «..нақты тасымалданған жолаушылар туралы» деген сөйлемін «...нақты тасымалданған жолаушылардың саны туралы» деген сөздерімен ауыстыруды ұсынамыз.  
 3-қосымшада «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын  
   жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасы» 3-тармағында «Жолаушыларды тасымалдаудың  үш жылдағы  санының болжамдануы...» деген сөздері «Жолаушыларды тасымалдаудың  үш жылдық мерзімдегі  санының болжамдануы...» деген сөздерімен ауыстырылсын.  
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева