• Мое избранное

Отправить по почте

«Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 7048 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су
ресурстары министрлігінің
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
2014 жылғы 20 маусымдағы
шығыс № 15-02-34/699-и хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
  «Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар» тұжырымдамасы көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерін де, сондай-ақ қызмет алушыны да жаңылысуға алып келетіндіктен, ал мемлекеттік қызмет көрсетуді бастау үшін қызмет алушының орманды пайдалану түрі, көлемі және орны белгіленген өтініші ғана жеткілікті болатындықтан, «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде 5-тармақты келесі редакцияда жазу керек:
  «5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімін (әрекетін) бастауға қызмет алушының орманды пайдалану түрі, көлемі және орны белгіленген өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.».  
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының негізінде дәлелді жауап берулеріңізді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығының орынбасары М.Уксикбаев