• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.07.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 03 шілдедегі № 398 бұйрығы. Қазақстан Репсубликасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9641 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 12 шілдеден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 13.05.2016 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
______________ А. Сәрінжіпов
2014 жылғы 4 шілде
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 14 шілдедегі
 № 398 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 жылғы № 77 Бұйрығымен (13.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 13.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 31 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ-нің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға арналған келісім-шартта:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығару фактілері бойынша келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда, сондай-ақ оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша келісім-шарт бұзылған жағдайда тыңдаушыға (курсантқа) стипендия төлеуді, оқу кезеңінде тамақтануын, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысына шығыстары қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға»;
5-тармақтың 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығарылған жағдайда, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда оқуға, стипендия төлеуге, оның оқу кезеңінде тамақтануына, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі;
11) оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 5), 6), 8), 9), 11), 12)|521423137, 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда бес жыл өткенге не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғанға дейін стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануын, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарын қоса алғанда,оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, ұзарту, өзгерту және бұзу ережелерінде:
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тыңдаушы (ІІО-ның қызметкері) Ішкі істер министрлігінің, бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, ІІМ-нің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 5), 6), 8), 9), 11), 12)|521423137, 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда бес жыл өткенге не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғанға дейін оқуға, стипендия төлеуге, тамақтануға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұстауға жататын сома келісшарт мерзімінің аяқталуына дейін қалған қызмет етпеген әрбір айға пропорционалды түрде есептеледі.».