Toggle Dropdown
"Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 198 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 шілдеде № 9560 тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 401-404 (26798) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы»;
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Қоса беріліп отырған Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары»;
Toggle Dropdown
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Осы Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.»;
Toggle Dropdown
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
«1) академиялық деңгей (Degree) - қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;
Toggle Dropdown
2) академиялық еркіндік - білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;
Toggle Dropdown
3) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
Toggle Dropdown
4) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
Toggle Dropdown
5) академиялық мобильдік - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
Toggle Dropdown
6) академиялық сағат кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлері немесе жеке бекітілген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;
Toggle Dropdown
7) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
Toggle Dropdown
8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
Toggle Dropdown
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
Toggle Dropdown
10) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
Toggle Dropdown
11) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;
Toggle Dropdown
12) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
Toggle Dropdown
13) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау - академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
Toggle Dropdown
14) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
Toggle Dropdown
15) білім беру бағдарламаларын модульдік негізде құрастыру - білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын оқытудың мақсатына сай білім алушының кәсіби құзыреттілігінің жиынтығы болатын оқу үдерісін ұйымдастыру тұжырымдамасы негізінде кәсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы;
Toggle Dropdown
16) екі дипломдық білім - екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;
Toggle Dropdown
17) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;
Toggle Dropdown
18) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;
Toggle Dropdown
19) кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
Toggle Dropdown
20) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
Toggle Dropdown
21) қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;
Toggle Dropdown
22) межелік бақылау - бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
Toggle Dropdown
23) модуль – білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы және құзыреттілігі бағалау критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру нәтижелері тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі;
Toggle Dropdown
24) модульдік білім беру бағдарламасы - білім алушылардың қандай да бір академиялық дәреже және/немесе біліктілік алуы үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы;
Toggle Dropdown
25) модульдік оқыту - білім беру бағдарламаларын, оқу жоспары мен оқу пәндерін модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі;
Toggle Dropdown
26) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
Toggle Dropdown
27) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;
Toggle Dropdown
28) оқу модулі - білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе жартылай қалыптасатын олардың нақты оқыту нәтижелерін меңгеруіне бағытталған білім беру бағдарламасының құрылымдық элементі;
Toggle Dropdown
29) оқу пәніне жазылу (Enrollment) - білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;
Toggle Dropdown
30) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
Toggle Dropdown
31) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі -и ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;
Toggle Dropdown
32) Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
Toggle Dropdown
33) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
Toggle Dropdown
34) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);
Toggle Dropdown
35) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
Toggle Dropdown
36) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
Toggle Dropdown
37) транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;
Toggle Dropdown
38) тьютор - студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;
Toggle Dropdown
39) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;
Toggle Dropdown
40) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
Toggle Dropdown
41) элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері.»;
Toggle Dropdown
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«22. Ұзақтығы кемінде 6 аптаны құрайтын қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін оқу және студенттердің өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруымен басқа жоғары оқу орындарында несиелерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру үшін жазғы семестрді (бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізуге жол беріледі.»;
Toggle Dropdown
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағат немесе кредит көлемінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының лекпен, топпен, кіші топпен байланысты жұмыс уақыты бойынша есептеледі. Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түрлеріне жұмсалатын уақыт шығыны (СӨЖ тапсырмаларын, курстық жұмыстарды (жобаларды), емтихан қабылдау, оның ішінде МАК құрамында, бітіруші курс жұмыстарына жетекшілік ету) ЖОО-ның дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі.»;
Toggle Dropdown
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болғандықтан, білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше БӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша білім алушының семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі бакалавриатта 3 сағатқа тең болады.
Toggle Dropdown
33-тармақ алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
38-тармақтың екінші бөлігіндегі 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3) осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында белгіленген кредиттердің кем түспейтін санына жазылуы тиіс.»;
Toggle Dropdown
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«44. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F).»;
Toggle Dropdown
45-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Офис регистратор білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі бойы жүргізеді, ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай транскрипте айқындалады.»;
Toggle Dropdown
53-тармақ алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
47 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«47. Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем құраса қорытынды баға дәрежесі білім алушының оқу пәні бағдарламасын меңгергендігі. Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды.»;
Toggle Dropdown
61-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Ветеринарлық» – кемінде 161 кредит.»;
Toggle Dropdown
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«62. Магистрлерді даярлау бойынша білім беру үдерісі аяқталғандығының негізгі критерийлері магистранттың:
Toggle Dropdown
1) ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде кемінде 59 кредитті, оның ішінде теориялық оқудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кемінде 7 кредитін;
Toggle Dropdown
2) бейіндік дайындық кезінде - кемінде 28 кредитті (1 жыл оқу мерзімімен) және кемінде 48 кредитті (1,5 жыл оқу мерзімімен), оның ішінде теориялық оқуға сәйкес кемінде 18 және 36 кредитті, практика бойынша кемінде 2 және 4 кредитті, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының кемінде 4 және 4 кредитін меңгеруі болып табылады.»;
Toggle Dropdown
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«63. (PhD) философия докторын немесе бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру үдерісі аяқталғандығының негізгі критерийлері докторанттың кемінде 75 кредиттті, оның ішінде теориялық оқудың кемінде 36 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кемінде 28 кредитін меңгеруі болып табылады.»;
Toggle Dropdown
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«67. Теориялық оқудың бір қазақстандық кредитінің еңбек сыйымдылығы шығыны аудиторлық сабақтар мен оқушылардың дербес жұмыстарын есепке алғанда бакалавриатта 45 сағат жұмысты құрайды.»;
Toggle Dropdown
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«74. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу әрбір пән бойынша 1,5-тен 1,8 шегінде ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады.
Toggle Dropdown
Курстық жобалардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына кіреді.»;
Toggle Dropdown
75-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«75. Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу әрбір пән бойынша Қазақстан Республикасының 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентін 74-тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасының кредиттеріне көбейту арқылы жүзеге асырылады.»;
Toggle Dropdown
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«79. Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағасы білім алушының жетістігі және осы Қағидаларға 3-4-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
Toggle Dropdown
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«82. Академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін ЖОО Ақпараттық пакет (бұдан әрі – АП) әзірлейді. АП формасы, құрылымы, мазмұны және форматын ЖОО дербес анықтайды.»;
Toggle Dropdown
86, 87, 88, 89-тармақтар алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
90-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Өтініште ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының уәжділігі туралы ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тәжірибесі және алдағы шетелде білім алуы туралы мәліметтер жазылады, шетелде оқу грантына ие болу мүмкіндігіне белгі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.»;
Toggle Dropdown
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«91. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу келісімі студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат болып табылады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады.»;
Toggle Dropdown
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«93. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқығанын растайтын соңғы құжат осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – ағылшын тілінде, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – орыс және/немесе қазақ тілдерінде толтырылатын білім туралы трансткрипт болып табылады.»;
Toggle Dropdown
6 тарау мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6. Модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі»
Toggle Dropdown
«96. Модульдік оқытудың әдіснамалық негізі ретінде модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу принциптері, әдістемесі және тәртібі саналады.
Toggle Dropdown
Оқыту нәтижелерінің тиімділігіне кешенді тәсілдерді сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары да, оқу жоспарлары мен оқу пәндері де құрастырылады.
Toggle Dropdown
97. Оқыту нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Бұл ретте оқытудың бес негізгі нәтижесі көрсетіледі:
Toggle Dropdown
білім және түсіну;
Toggle Dropdown
білім мен түсінгенін қолдану;
Toggle Dropdown
пікір айтуды қалыптастыру;
Toggle Dropdown
коммуникативтік мүмкіндіктер;
Toggle Dropdown
оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік.
Toggle Dropdown
Оқыту нәтижелері барлық бағдарлама бойынша да, жеке модуль мен жеке пән бойынша да анықталады.
Toggle Dropdown
98. Модульдік оқытудың мазмұны дегеніміз оқытудың мазмұнын жеке ұйымдастыру-әдістемелік модульдерге айналдыру болып табылады. Олардың мазмұны мен көлемі дидактикалық мақсаттарға, білім алушылардың бейіндік және деңгейлік саралануына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Toggle Dropdown
Модульдердің бірігуі білім алушылардың белгілі санаттарының оқуы (және өздігінен оқуы) үшін және арнайы дидактикалық, кәсіби мақсаттарда іске асуы үшін талап етілетін нақты оқу материалын таңдау және құрастыру еркіндігі мен икемділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
99. Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар:
Toggle Dropdown
1) білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері;
Toggle Dropdown
2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі;
Toggle Dropdown
3) әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі;
Toggle Dropdown
5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі;
Toggle Dropdown
6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.
Toggle Dropdown
100. Білім беру бағдарламасының әрбір модулі оқытудың белгілі нәтижелеріне, яғни құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пәндердің мазмұндық бірлігі негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
101. «Көлденең» модульде барлық құрамдас пәндер параллель оқытылуы мүмкін білім беру нәтижелеріне тең дәрежеде және біршама тәуелсіз қызмет етеді.
Toggle Dropdown
«Тік» модуль іргелі және жалпы кәсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы деңгейге дейін белгілі бір білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен) оқытылатын пәндерді қамтиды.
Toggle Dropdown
102. Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделінің контексінде әзірленеді. Бұл жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән саласына қатысты және әмбебап (жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді.
Toggle Dropdown
Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу және түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді (әлеуметтік контексте өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.
Toggle Dropdown
103. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:
Toggle Dropdown
1) оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру;
Toggle Dropdown
2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;
Toggle Dropdown
3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды, магистрлік бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша білім беру бағдарламаларын есепке ала отырып);
Toggle Dropdown
4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және ЖОО-ның материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық және баспа-полиграфиялық базасының сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін әзірлеу;
Toggle Dropdown
5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда әкімшілік-басқару қызметін іске асыру.
Toggle Dropdown
104. Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер бойынша оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.
Toggle Dropdown
105. Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 және одан да көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қамтиды.
Toggle Dropdown
106. Кәсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар және магистрлік/докторлық диссертациялар өзара байланысына және оқу пәндерімен мақсаттарының бірлігіне қарай білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне қосылады. Сонымен қатар, кәсіптік практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.
Toggle Dropdown
107. Модульдің құрамында кредиттегі әрбір құрамдас компоненттің модульдің жалпы еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.
Toggle Dropdown
108. Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту пәндерін өзге нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) және вариативті, яғни еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден құрау мақсатты болып табылады.
Toggle Dropdown
Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді:
Toggle Dropdown
А тобы - міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;
Toggle Dropdown
В тобы - міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;
Toggle Dropdown
С тобы таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады.
Toggle Dropdown
109. Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:
Toggle Dropdown
1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық, мәдени құзыреттілікпен (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), экономикалық (кәсіпкерлік) және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ жалпы білім беретін құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан әрі – ЖБП) және базалық пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;
Toggle Dropdown
2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы білім беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау, креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған БП және кәсіптік пәндер (бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;
Toggle Dropdown
3) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы жоқ және қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері және т.б.) қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды;
Toggle Dropdown
110. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компоненттерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) білім беру бағдарламасының атауы;
Toggle Dropdown
2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура/PhD докторантура);
Toggle Dropdown
3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай-ақ білім беру бағдарламасының бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер:
Toggle Dropdown
ана тілі саласында;
Toggle Dropdown
шет тілдері саласында;
Toggle Dropdown
іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық;
Toggle Dropdown
компьютерлік;
Toggle Dropdown
әлеуметтік (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық);
Toggle Dropdown
кәсіпкерлік, экономикалық;
Toggle Dropdown
мәдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер: сын тұрғысынан ойлау, креативті, (шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным);
Toggle Dropdown
4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық кредиттердегі және ECTS кредиттердегі көлемін, оқыту кезеңін, модуль компоненттерін (құрамдас модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және атауы), пәндер топтамасын (ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша компонентке тиістілігін, кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны;
Toggle Dropdown
5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 9 қосымшасына сәйкес.
Toggle Dropdown
111. Оқу пәндеріне модуль құруда оның бағдарламасы білім алушылардың қажетті білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік алуына бағытталған модульге (кіші модульдер, бөлімдер) құрылады.
Toggle Dropdown
Сонымен қатар, оқыту пәндерінің модульдік бағдарламасы білім алушылардың дәрісханалық пен өзіндік жұмысы ретінде оқытылады және оқытушыларды ақпараттық функциялардан босатады.
Toggle Dropdown
112. Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) оқу пәндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі;
Toggle Dropdown
2) білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі (пререквизиттер және постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар;
Toggle Dropdown
3) пәндердің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың қысқаша мазмұны, семинарлық және зертханалық-практикалық сабақтардың жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі);
Toggle Dropdown
4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен рәсімі);
Toggle Dropdown
5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.
Toggle Dropdown
113. Білім бағдарламалары жалпы білім беру және қосымша құзыреттіліктер қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер, тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін.
Toggle Dropdown
114. Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден, қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді және міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.
Toggle Dropdown
115. Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша кешенді емтихан нысанында не әрбір компонент – оқу пәні бойынша өзіндік емтихан нысанында өткізіледі.
Toggle Dropdown
Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша қорытынды бақылау нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады.
Toggle Dropdown
Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның әрбір компоненті – оқу пәні бойынша да жеке қойылады.
Toggle Dropdown
116. Модуль бойынша кредиттер алудың шарты әрбір компоненттегі жұмыстың барлық түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.
Toggle Dropdown
Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу пәндері бойынша оң бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пәнді оқымайды.»;
Toggle Dropdown
1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 1-қосымша»;
Toggle Dropdown
2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 2-қосымша»;
Toggle Dropdown
3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 3-қосымша»;
Toggle Dropdown
4-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 4-қосымша»;
Toggle Dropdown
5-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 5-қосымша»;
Toggle Dropdown
6-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 6-қосымша»;
Toggle Dropdown
7-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 7-қосымша»;
Toggle Dropdown
8-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 8-қосымша»;
Toggle Dropdown
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жарияласын.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А.Сәрінжіпов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 3 шілдедегі
№ 198 бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 20 сәуірдегі
№ 152 бұйрығына
9-қосымша
Toggle Dropdown
Білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін көрсететін жиынтық кестесі
Toggle Dropdown
| Оқыту курсы | Семестр | Меңгерілетін модульдер саны | Оқытылатын пәндер саны | KZ кредиттер саны | Барлық сағаты | ECTS | Саны |
| МК | ТК | Теориялық оқыту | Оқу практикасы | Өндірістік практика | Аттестация қорытындысы | Барлығы |
|
| Емтихан | сынақ |
| 1
| 1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 30 |
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 30 |
|
|
| 2
| 3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 30 |
|
|
| 4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 30 |
|
|
| 3
| 5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 30 |
|
|
| 6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 30 |
|
|
| 4 | 7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 30 |
|
|
| 8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 30 |
|
|
| Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
| 240 |
|
|