• Мое избранное
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» және «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобаларының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» және «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобаларының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 8336 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 3-11-3/1602-И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар жобасы), «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» (бұдан әрі – Әдістеме жобасы) ҚР Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Әдістеме жобасының 2-тарауы 5-тармағына сәйкес жан басына қаржыландыру кезінде топқа бөлу орта мектептің мемлекеттік стандарты бойынша есептеледі. Аталған критерийлерді ТжКББ ұйымдары үшін қолдануға болмайды.
   Осыған орай, дуалдық оқыту жүйесін енгізу және кәсіпорындарда практиканың барлық түрлерінен өтуді ұйымдастыру үшін топтардың бөлінуін 20 адамға дейін қысқартуды ұсынамыз.  
  Әдістеме жобасының 3-тарауы 4, 5-тармақтарына сәйкес бітірушінің жұмыспен қамтылуы (қажеттілігі) – білім беру сапасының негізгі көрсеткіші.  
  Мемлекеттік тапсырыстың базалық компоненті нақты жұмысқа орналасқан және орныққан ТжКББ бітірушілерінің орташа санына пропорционалды анықталатынына байланысты, бітірушілердің жұмыспен қамтылуының көрсеткіші төмен болған жағдайда аталған колледждегі бюджеттік топтардың санын азайту немесе қандай да бір бағыт бойынша қаржыландыруды қысқарту керек.  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 6-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Әдістеме жобасының 4-тарауының 6-тармағындағы «ТжКББ дамыту жөніндегі Өңірлік кеңестер» деген сөздерді «Өңірлік кәсіпкерлер палатасы» деген сөздерге ауыстыруды ұсынамыз.
   Осыған байланысты 13-тармақты мынадай сөйлеммен толықтыруды ұсынамыз: «Бір және одан да көп мамандықтар бойынша білім беру қызметіне лицензия тоқтатылған жағдайда бюджетік қаржыландыру азайту жағына қайта қаралады».   
  ТжКББ ұйымдарын оларды базалық ұстауға шығыстар бөлігінде қаржыландыру көлемін есептеген кезде колледждегі жатақхананың болуы есепке алынбайды. Ал бұл шығыстардың (ұстауға, құрал-жабдыққа, жиһазға, жұмсақ инвентарьға, қосымша штат бірліктеріне арналған шығыстар) елеулі бөлігін құрайды. Оқу орындарында оқу-өндірістік шеберханалар, кәсіптік зертханалардың бар болуы ескерілмейді.  
  Сондай-ақ, бүкіл мәтін бойынша «Білім басқармасының бастығы» деген сөздерді «Білім басқармасының басшысы» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз.  
  Әдістеме жобасының «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын іске асыруды қамтамасыз ету нормалары мен нормативтері» 6-бөлімінде шығыстар тізімінде шеберханаларда өндірістік оқытуды ұйымдастыруға арналған шығыстар (шикізатқа, материалдарға, саймандарға, құрылғыларға және т.б.) көрсетілмеген, ал техникалық мамандықтар бойынша білікті жұмысшыларды даярлауда бұл шығыстар маңызды болып табылады. Аталған тізбеде жалпы кәсіптік және кәсіптік цикл пәндерін оқыту кезінде зертханалық-практикалық сабақтарды өткізуге шығыстар қарастырылмаған.  
  Әдістеме жобасында жоғары технологиялы, өндірістік құрал-жабдықтарды ұстауға (пайдалануға, жөндеуге, т.б.) шығыстар нақты белгіленбеген.
  Қағидалар жобасында 2-тараудың 5-тармағы g, h) тармақшаларын алып тастау қажет, себебі ТжКББ ұйымдары облыстық білім беру басқармасының ведомствосына қарайды.  
  Бір маманды даярлаудың бейінді құны бейін ерекшелігімен шектеледі. Сонымен қатар, аталған құжаттарда бейін ішіндегі, яғни біліктілікті есепке ала отырып, кадрларды даярлау құнының елеулі айырмашылығы есепке алынбаған. Техникалық, құрылыс мамандықтар бойынша білікті жұмысшыны (мысалы, «дәнекерлеушіні») даярлаудың бір бейін ішінде орта буын маманын («техникті») даярлауға қарағанда шығысы анағұрлым көп.  
  Жұмыс біліктілігі бойынша кадрларды даярлау кезінде елеулі шығыс материалдар мен ресурстарға шығыстарды ескеретін түзету коэффициентін енгізу қажет.  
  Қағидалар мен Әдістеме жобаларында дұрыс жазылмаған тұжырымдама мен анықтамалар бар, оларды бұдан әрі түсінбеушілікке жол бермеу үшін нақтылау қажет. Мысалы, Әдістеме жобасының 1-тарауының 14-тармағында түсініксіз тұжырымдама бар: «Арнайы техника – әдеттегі қарапайым жабдықты қолдану жеткіліксіз болатын міндеттерді орындауға арналған техника», ал 3-тараудың 6-тармағында «Түрлі деңгейлі жан басына қаржыландыруды іске асыру барысында пайда болған ақша қаражатының үнемдеуі қорытынды нәтижелер бойынша ТжКББ ұйымдарын ынталандыру қорын құрайды».  
  Қағидалар жобасы 3-тарауының 2-тармағында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру тәртібі туралы ережеге» сілтеме жасалған, ал мұндай НҚА жоқ.  
ҚР БҒМ 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сілтеме жасау қажет.
  Әдістеме жобасына коммерциялық негізде оқытылатын бір маманды даярлау құнын анықтау нормасын енгізу артық деп санаймыз.
  Осыған байланысты Әдістеме жобасының 5-тарауында 10,11,12,13,14-тармақтарын алып тастауды ұсынамыз. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың тұжырымдамасы нақты емес, сондықтан оларды оның ішінде бақылайтын органдармен әр түрлі түсінуге болады. Мысалы, 5-тараудың 10-тармағында мынадай тұжырымдама бар: «Бұл ретте Техникалық және кәсіптік білімі бар бір маманды даярлау құнының жоғары (шекті) деңгейі бәсекеге қабілеттілігін бағалауды ескере отырып анықталуы тиіс.»  
  Қағидалар мен Әдістеме жобалары мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (мүгедектер) қатарынан мамандарды даярлау ерекшелігін ескермейді.  
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 5-бабы және ҚР «Нормативті құқықтық актілер» Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауапты ұсынуды сұраймыз.
   Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева