Bestprofi Logo

Жарлық № 874 от 2014-08-01г./Қазақстан Республикасының Президенті

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы

1. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралары жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіп пен Бағдарламаны мониторингтеу мен бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (06.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 06.09.2016 жылғы № 315 Жарлығына сәйкес (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)

4. Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

Атауы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Әзірлеу үшін негіз

1. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.



2. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.



3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма.

Әзірлеуге жауапты

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі.

Мақсаты

Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру.

Міндеттер

1) дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау;



2) сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру;



3) экспортқа және (немесе) өз еңбегінің өнімділігін үнемі арттыруға бағдарланған тиімділігі жоғары индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;



4) инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау.

Іске асыру мерзімі

2015-2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2019 жылға қарай мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:



1) өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 19%-ға өсуі;



2) өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 22%-ға өсуі;



3) өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 4,5 трлн. теңге сомасында;



4) өңдеуші өнеркәсіптегі энергия сыйымдылығының 2014 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 7%-ға төмендеуі.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2015-2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 878,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:



2015 жылы - 134,98 млрд. теңге;



2016 жылы - 177,42 млрд. теңге*;



2017 жылы - 359,31 млрд. теңге*;



2018 жылы - 178,73 млрд. теңге*;



2019 жылы - 27,86 млрд. теңге*.



Ескертпе: * - тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес сомалар нақтыланатын болады.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына, Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI жалпы отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы Қазақстан Республикасының үлесін ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігінде дамыған елдерден алшақтықты қысқарту арқылы 2035 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) ең дамыған елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізу индустрияландыру саясатының пайымы болып табылады. 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - ҮИИДМБ) шеңберінде бірінші кезең іске асырылды, онда индустриялық даму үшін заңнамалық, инфрақұрылымдық және институционалдық негіздер қаланды.

Ағымдағы Бағдарлама ҮИИДМБ-ның қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесін ескереді. Бағдарлама Қазақстанның экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және өңдеуші өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін жетілдіру қамтамасыз етіледі, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы», арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) бүкіл қызметі кезеңіне АЭА қатысушылары үшін тұрақтылық және преференциялар мен салықтық жеңілдіктердің сақталуына кепілдіктер қамтамасыз етілетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға, түзетулер енгізіледі, сондай-ақ энергияны үнемдеу бойынша заңнамалық шектеулер мен нормативтер жетілдіріледі.

Бағдарлама бизнес ахуалға ықпал ететін мемлекеттік саясат аспектілеріне сезімтал болып табылады. Бағдарламаның сәтті болуы Қазақстан Республикасының бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Global Competitiveness Index), «сары парақтар қағидатын» (Yellow Pages) ескере отырып, жоспарланған жекешелендіруді жүргізу арқылы экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін төмендету, Қазақстанның тікелей шетелдік инвестицияларға (бұдан әрі - ТШИ) (FDI Confidence Index by A.Т. Kearney) сенім индексіне және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне кіруі, адами капитал индикаторларын жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуіне байланысты болмақ. Бағдарламаны іске асырудың тиімділігі қаржыландыру моделіне, оны іске асыруға бюджет қаражатын бөлудің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылға тәуелді.

Тұтастай алғанда, Бағдарламаны табысты іске асыру үшін ауыл шаруашылығын, жер қойнауын пайдалануды, ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, көліктік және өзге инфрақұрылымды, көрсетілетін қызметтерді, білім беруді қоса алғанда дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың (қолданыстағы және жаңадан қабылданған) оның түйінді қағидаттарына қайшы келмеуі және макроэкономикалық тұрақтылық шараларының қамтамасыз етілуі қажет.

3.1. Қазақстан Республикасында индустриялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау

«Индустрияландыру» термині ретінде өңдеуші өнеркәсіптің өзін дамытуға көшуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешеніне байланысты дәстүрлі ұғым қолданылады.

Тау-кен өндіру секторына аса құбылмалылық тән екенін ескере отырып, экономиканың басқа секторларын - ауыл шаруашылығын, көрсетілетін қызметтерді, өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамыту қажет.

Өңдеуші өнеркәсіп орта таптың қалыптасуына көбірек ықпал етуде. Айталық, Ақпараттық технологиялар және инновациялар қорының (АҚШ)1 деректері бойынша өңдеуші өнеркәсіпте 1 жұмыс орнын құру басқа секторларда 2-ден 5-ке дейін қосымша жұмыс орындарын құруға әкеледі, технологиялардың дамуы жұмысшылардың білімі мен дағдыларын арттыруға алып келеді; АҚШ-та өңдеуші өнеркәсіптегі жалақы деңгейі экономиканың басқа секторларына қарағанда орта есеппен 9%-ға жоғары; өңдеуші өнеркәсіп секторлары экономикадағы неғұрлым инновациялы секторлар - АҚШ-та бұл секторға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) 70%-ы тиесілі; өңдеуші өнеркәсіп пен көрсетілетін қызметтер секторының жай-күйі өзара тәуелді (мысалы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (бұдан әрі - АКТ) негізделетін көрсетілетін қызметтер өңдеуші өнеркәсіп тауарларына өте тәуелді).

2015 жылы Қазақстан экономикасының құрылымында өнеркәсіп шамамен 25%-ды иеленетін болады, бұл ретте көрсетілетін қызметтер секторының озыңқы өсуі салдарынан оның үлесі біртіндеп төмендеп бара жатыр: 2012 жылы — 29,2%, 2013 жылы — 27%, 2014 жылы — 26,6%. Дамыған, сол сияқты дамушы елдердің көбінде осыған ұқсас процестер байқалады. Дегенмен, көрсетілетін қызметтердің экспорттағы үлесі мардымсыз, сондықтан таяудағы болашақта экспорттың жалпы өсуіне көп ықпал ете алмайды. Сондықтан бүгінгі жағдайда мұнай емес экспорт, негізінен, өңдеуші сектор тауарларының есебінен өсуі мүмкін. 2015 жылы экспорттың жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі шамамен 30%-ды құрайды.

Тау-кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 3,5%-ын (2012 жылы - 2,6%, 2013 жылы - 2,9%) және экономикадағы жалпы қосылған құнның 14,7%-ын (2012 жылы - 16,5%, 2013 жылы - 14,7%), ал өңдеуші сектор - тиісінше 6,3% (2012 жылы және 2013 жылы - 6,4%) және 10% (2012 жылы - 10,8%, 2013 жылы - 10,4%) қамтамасыз етеді. Өндіруші өнеркәсіптегі негізгі капиталға инвестициялар жалпы көлемінің 30%-ын құрайды (2012 және 2013 жылдары - 29%), ал өңдеуші өнеркәсіпте бар болғаны - 11% (2012-2013 жылдары - осындай 11%).

ҮИИДМБ іске асырылған жылдары өңдеуші өнеркәсіп дамуға айтарлықтай серпін алды. Өндірістің нақты көлемінің индексі 2008 жылға қарағанда тау-кен секторын (20%) басып озып, 24,2%-ға өсті. Еңбек өнімділігі нақты мәнде 1,9 есе ұлғайды, ал ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен айырмашылық 69%-дан 55%-ға дейін қысқарды. Өткен 5 жылға қарағанда, өңдеуші өнеркәсіпке шамамен 3 есе артық ТШИ тартылған, ал олардың жалпы көлемдегі үлесі 10%-дан 15,5%-ға дейін (2012 жылы - 12%, 2013 жылы - 10,6%) 1,5 есе өсті. 20-дан аса жаңа маңызды секторлар пайда болды, ал қосымша 50 тауар салыстырмалы артықшылықпен (RCA индексі) экспорттала бастады.

Қазақстан факторлар ілгерілететін экономикадан инвестициялар ілгерілететін экономикаға өту кезеңінде тұр. Сонымен қатар, қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда индустрияландыру және инвестициялар тарту процесінде Қазақстан объективті шектеулерге тап болды. Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі - ХВҚ) елдер бойынша 2013 жылғы қыркүйектегі есебіне2 сәйкес экономикада «голланд кеселінің» белгілері, атап айтқанда, сауда-саттықта қолайсыз жағдайлардың қалыптасуы, экономикадағы шығындар деңгейінің өсуі және институционалдық проблемалар байқалған. Бұдан басқа, Қазақстан «орташа кіріс тұзағы» - біліктілігі мен инновациялары жоғары дамыған экономикалармен де, кірісі төмен, жалақы деңгейі төмен әрі өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі арзан экономикалармен де бәсекеге түсуге қабілетсіздік проблемасымен бетпе-бет келді.

2 ХВҚ елдік есебі № 13/291, қыркүйек 2013 жыл.

Нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнен (бұдан әрі - ЖІӨ) негізгі капиталға инвестициялар деңгейі 2005 жылғы рекордтық 32%-дан 2014 жылы 16%-ға дейін түсіп кетті. Осыған ұқсас экономикадағы ақша көлемінің деңгейі 2009 жылғы ең жоғары 40,5%-дан 2014 жылы 32%-ға дейін төмендеп барады, әрі осы көрсеткіш бойынша Қазақстан көптеген елдерден едәуір артта қалып қойды. Урбандалу деңгейі өте төмен, бұл сұранысты кең-байтақ аумаққа шашыраңқы орналастырады және адами капиталдың сапасына әсер етеді, бизнесті жүргізу шығындарын ұлғайтады.

Жеке бастама әлсіз күйінде қалуда, оған бірнеше фактор әсер етеді: мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары болуы, бірқатар салалардың жоғары монополиялануы, жұмыс істемейтін кепілдеме активтер үлесінің жоғары болуы, қаржыландыруға шектеулі қолжетімділік, қор нарығының дамымауы және жоғары валюталық тәуекелдер.

Инфрақұрылымдық шектеулер мен күрделі кедендік рәсімдер экспорттық мүмкіндіктерді төмендетеді. Көлік арналарының жеткіліксіздігі, логистиканың тиімсіздігі, көлік инфрақұрылымының тозуы және сауда инфрақұрылымының дамымағандығы, жоғары көліктік шығындар қазақстандық бизнестің бәсекелік артықшылықтарын айтарлықтай шектейді.

Еңбек ресурстарының төмен сапасы және шетелдік қызметкерлерді жалдау қиындығы индустрияландыруды жүргізу мен бизнесті дамыту үшін шектеуші факторлар болып табылады.

Металлургия және химия өнеркәсібі сияқты салаларда Бағдарлама үшін мамандықтарға деген қажеттілік жоғары оқу орындарын аяқтаудың межеленген мөлшерімен тиісінше 96% және 89% сәйкес келеді. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі және машина жасау сияқты салаларда оқытып шығару бойынша жоспар Бағдарлама салаларының қажеттігінен 1,5-2 есе жоғары.

3.2. Индустриялық дамудың жаһандық трендтері

Бағдарламаны әзірлеген кезде 100-ге жуық жаһандық тренд: жалпы әлемдік, экономикалық, технологиялық және метаүрдістер ескеріліп, бағаланды. Қазақстан үшін релеванттықты және Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестікті бағалау негізінде іріктеу процесінің нәтижесінде мынадай түйінді мегатрендтер айқындалды.

1. Цифрлы технологияларға екпін жасай отырып, өндірістік тізбектерді түрлендіру. Жеткізушілердің мамандануы, сегменттер бойынша әртараптандыру күшейеді және трансұлттық компаниялар (бұдан әрі - ТҰК мен ірі өңірлік өндірушілердің құн тізбегін құруға кіру есебінен бүкіл әлем бойынша жеткізілімдер кеңейе түседі. Бұл ретте ТҰК жергілікті жеткізушілер экожүйесінің болуына және олардың сапасына мүдделі болады. Тіпті еңбекті көп қажет ететін секторларда еңбек ресурстары құнының мәні төмендейді, олардың сапасы маңыздырақ факторға айналады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание