Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының қызметтік-жауынгерлік қызметіндегі тарихи оқиғаларыды уақтылы және толық көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
|
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының тарихи формулярын жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 374 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының қызметтік-жауынгерлік қызметіндегі тарихи оқиғаларыды уақтылы және толық көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының тарихи формулярын жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері бөлімдерінің, құрамаларының және әскери оқу орнының тарихи формуляры туралы ережені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысының 1997 жылғы 19 желтоқсандағы № 232 бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарына, құрамаларына, бөлімдеріне және әскери оқу орнына жеткізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 374 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, бөлімдерінің және әскери оқу орнының тарихи формулярын жүргізу қағидасы
1. Тарихи формуляр Бас қолбасшылықтың, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалардың және әскери бөлімдердің (әскери оқу орнының, мекеменің) ұйымдастырушылық дамуы мен жауынгерлік қызметі, маңызды оқиғалар, жауынгерлік даярлық, әскери тәртіптің жай-күйі және басқа да мәліметтер көрсетілетін құжат болып табылады.
2. Тарихи формуляр бейбіт уақытта жүргізіледі. Соғыс уақытында өңірлік қолбасшылықтар, әскери бөлімдер (әскери оқу орны, мекеме) майданға кеткен кезде тарихи формуляр уақытша сақтауға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас штабына тапсырылады, ал тарихи формулярдың орнына жауынгерлік іс-қимыл журналы жүргізіледі, бейбіт уақытқа ауысқан кезде одан үзінділер тарихи формулярға енгізіледі.
Қолданыстағы армияның құрамына кірмейтін өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдер (әскери оқу орны, мекеме) соғыс уақытында да тарихи формулярды толтыруды жалғастырады.
3. Тарихи формуляр Бас қолбасшылықта, өңірлік қолбасшылықтарда, құрамаларда және әскери бөлімдерде (әскери оқу орындарында, мекемелерде) олардың құрылған сәтінен бастап жалғыз данада жүргізіледі.
4. Тарихи формуляр құпия құжат болып табылады. Формулярды жүргізу жауапкершілігі Бас қолбасшылықта Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасының бастығына, өңірлік қолбасшылықтарда, құрамаларда, әскери бөлімдерде және әскер оқу орындарында штаб бастығына жүктеледі.
Формулярдың бөлімдерін толтыру жалпыға ортақ аббревиатураны қоспағанда, басқа атаулар мен сөздерді қысқартусыз жүзеге асырылады.
5. Тарихи формулярдың барлық бөлімдері толтырылғаннан кейін Бас қолбасшылықта Бас қолбасшы және Бас штаб бастығы, өңірлік қолбасшылықтарда, құрамаларда, әскери бөлімдерде және әскери оқу орындарында қолбасшы (командир, бастық) және штаб бастығы қол қояды, жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдар болмаған кезде міндетін уақытша атқару туралы бұйрықпен тағайындалған адамдар қол қояды, елтаңбалық мөрмен бекітіледі.
Қандай да бір бөлімнің толтырылуы бойынша оған қосымша парақтар тігіледі, олар тарихи формулярдағы парақтар санының тізбесінде есептеледі. Қосымша салынған парақтар саны туралы белгіні өңірлік қолбасшылықтың, әскери бөлімнің (әскери оқу орны, мекеме) штаб бастығы куәландырады.
6. Командир, бастық (әскери оқу орны, мекеме) істер мен лауазымды тапсыру кезінде істер мен лауазымды тапсыру актісінде бұл туралы көрсете отырып, тарихи формулярды тапсыруға міндетті.
7. Әскери бөлім (мекеме) таратылған кезде Жауынгерлік Ту қай әскери бөлімге берілсе, тарихи формуляр да сол әскери бөлімге тапсырылады.
Әскери бөлім (әскери оқу орны, мекеме) толық таратылған кезде тарихи формуляр Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Арнайы мұрағатына тапсырылады.
8. Тарихи формулярды Арнайы мұрағатқа тапсыру немесе оны басқа әскери бөлімге беру туралы командир (бастық) команда бойынша баяндайды.
9. Тарихи формулярға жазу үшін негіз ресми құжаттар (Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары, бұйрықтар, директивалар, инспекторлық тексеріс актілері, жауынгерлік іс-қимыл журналы және т.б.) болып табылады. Тарихи формуляр бөлімдеріндегі барлық жазбалар қатаң хронологиялық тәртіппен толтырылады.
10. Тарихи формулярдың есептік жылдағы барлық бөлімдері келесі жылдың қаңтарында толтырылуы тиіс. Қол қою және тіркеу күні 1 ақпан деп көрсетіледі, егер бұл күн демалыс күні болса, онда қол қою және тіркеу күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
11. Тарихи формуляр осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан және құрылым бойынша толтырылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 374 бұйрығына қосымша
Нысандар (титул парағының, тізбенің, сондай-ақ формуляр бөлімдерінің).
Құпиялық белгісі (толтырылуы бойынша)
ТАРИХИ ФОРМУЛЯР
__________________________________________________________________________________________________
(әскери бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) толық нақты атауы)
20___ жылғы «___» ___________ басталды
20___ жылғы «___» ___________ аяқталды
_______________ парақта
Сақтау мерзімі _________________
Тарихи формулярдағы парақтар санының
ТІЗБЕСІ
_________________________________________________________________________________________________
(әскери бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) толық нақты атауы)
Бөлімдердің нөмірлері | 20__ ж | 20__ ж | 20__ ж | 20__ ж | 20__ ж | 20__ ж | 20__ ж | 20__ ж | Барлығы |
I |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
II |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
III |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
IV |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
V |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VI |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VII |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VIII |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
IХ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
I. БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҚТЫҢ, ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҚТЫҢ, ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ (ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫНЫҢ, МЕКЕМЕНІҢ) ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
20___ жыл.
Құрылымы мен дамуының маңызды кезеңдері | Құжаттың аты, күні және нөмірі | Ескертпе |
|
|
|
I бөлім. Бас қолбасшылықтың, өңірлік қолбасшылықтың, әскери бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) ұйымдастырушылық құрылымы мен даму тарихы хронологиялық тәртіпте көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ жоғары тұрған инстанция бұйрықтары мен өкімдері, қалыптастыруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға қатысты мәліметтер, жаңа штаттарға ауыстыру, қайта құру, атауын өзгерту, бірігу, Жауынгерлік Туды тапсыру және аталған бөлімге қатысты, әскер, әскери бөлім тарихы үшін (әскери оқу орны, мекеме) мәні бар басқа да мәліметтер беріледі. Бұл бөлім мынадай реттілікпен толтырылуы тиіс:
1) әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ұйымдастырушылық құрылым;
штаттық және тізімдік саны (әскери қызметшілердің және азаматтық персоналдың санаты бойынша);
2) бір жылдың ішіндегі негізгі ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістер;
3) ұйымдастырушылық өзгерістерге байланысты басқа да маңызды оқиғалар (тарату, қайта құру, атауын өзгерту және жоғарыда көрсетілген тағы басқалар);
4) бір жылдың ішінде келген жас толықтырушылардың, сондай-ақ босатылғандардың сандық және сапалық сипаты;
5) есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бір жыл ішінде болған өзгерістер ескерілген құрылымы және санаттар бойынша жасақталуы.
II. ЖОРЫҚТАРҒА, ҰРЫСТАРҒА, ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУЫ (ҚЫЗМЕТТІК-ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ)
20___ жыл.
Маңызды оқиғалар | Құжаттың аты, күні және нөмірі | Ескертпе |
|
|
|
II бөлім. Жорықтарға, ұрыстарға, операцияларға қатысуы (қызметтік-жауынгерлік қызмет) - Бас қолбасшылықтың, өңірлік қолбасшылықтың, әскери бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) жауынгерлік іс-қимылдары туралы мәліметтер, олардың нәтижелері, сондай-ақ маңызды қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау туралы мәліметтер мынадай реттілікте көрсетіледі:
1) әскери бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) қызметтік-жауынгерлік міндеттерді қандай құрамда, қайда және қашан, кімнің қолбасшылығымен, қандай бұйрықтар және өкімдер негізінде орындағаны, міндеттердің орташа жылдық көлемі, олардың орындалу нәтижелері және қорытындылар (қойылған міндеттер сәтсіз орындалған кезде себебін көрсету);
2) күзетілетін объектілердегі ерекше күрделі авариялар мен басқа да оқиғалардың алдын алу және жою;
3) сотталғандарды күзету және айдауылдау кезіндегі аса қауіпті топтасқан және жалғыз қашулардың алдын алу және жою;
4) жеке құрамның ерліктері мен батырлықтарын сипаттайтын бейбіт уақыттағы маңызды оқиғалар, сондай-ақ үкімет пен қолбасшылықтың аса маңызды міндеттерін орындауы (қайда және қандай құрамда). Осы бөлімге неғұрлым жиі өткізілетін жауынгерлік іс-қимылдар мен операциялардың сызбалары қоса беріледі.
III. ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ, ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІҢ ЖАЙ-КҮЙІ
20___ жыл.
Маңызды оқиғалар | Құжаттың аты, күні және нөмірі | Ескертпе |
|
|
|
III бөлім. Жауынгерлік даярлық, заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі бөлімінде жауынгерлік даярлықтың және әскери тәртіптің жай-күйін сипаттайтын мәліметтер (директивалар, бұйрықтар, өкімдер, актілер және басқа құжаттар) көрсетіледі:
1) Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және оның орынбасарларының инспекциялық тексеріс өткізуі туралы, олардың бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) жай-күйіне берген бағасы, сондай-ақ болу кезінде жасаған ескертулері мен нұсқаулары;
2) қолбасшылықтың, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы және оның орынбасарлары тағайындаған комиссияның инспекторлық байқаулары мен тексерулері және осы тексерулердің нәтижелері туралы;
3) бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) бір жылдық жазғы және қысқы оқу мерзіміндегі жауынгерлік даярлығының (пәндер бойынша) және әскери тәртібінің қорытынды бағасы;
4) үздік бөліністер, жауынгерлік қызмет, жауынгерлік даярлық үздіктерінің саны туралы (үздік роталар және оларға теңестірілгендер бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) тарихи формулярына, ал үздік батальондар (дивизиондар) және оларға теңестірілген бөліністер командирдің, оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының тегі көрсетіліп, әскери бөлімнің және өңірлік қолбасшылықтың (құраманың) формулярына енгізіледі).
IV. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
20___ жыл.
Маңызды оқиғалар | Құжаттың аты, күні мен нөмірі | Ескертпе |
|
|
|
IV бөлім. Тәрбие жұмысы бөліміне тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар туралы деректер енгізіледі (директивалардың, бұйрықтардың, өкімдердің, актілердің және басқа да құжаттардың күні көрсетіледі):
1) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі;
2) инспекция қорытындысы бойынша тәртіптің, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстардың жай-күйі;
3) жалпы жиналыстардың, конференциялардың, әскери бөлім жеке құрамы жиналыстарының, жауынгерлік қызмет шеберлері слеттерінің, мемлекеттік-құқықтық даярлық үздіктері слеттерінің маңызды шешімдері;
4) жеке құрамның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, басқа да жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтарымен аталып өтілген көркемөнерпаздар және бұқаралық дене тәрбиесі жұмыстарындағы жетістіктері;
5) бөлім құрамындағы адамдардың аудандық, қалалық, облыстық, республикалық билік органдарына сайлануы;
6) мемлекеттік маңызды іс-шараларды өткізуге және табиғи апаттармен күресуге қатысу.
V. БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҚТЫҢ, ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҚТЫҢ, ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ (ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫНЫҢ, МЕКЕМЕНІҢ) НАГРАДАЛАРЫ МЕН ҮЗДІК БЕЛГІЛЕРІ
20___ жыл.
Наградалары мен үздік белгілері, құрметті атау алуы, ерліктерінің қысқаша сипаты және т.б. | Құжаттың аты, күні мен нөмірі | Ескертпе |
|
|
|
V бөлім. Бас қолбасшылықтың, өңірлік қолбасшылықтың, әскери бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) наградалары мен үздік белгілері бөліміне жалаулармен, ордендермен, сыйлықтармен, грамоталармен наградталу туралы, құрметті атау алу және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындағаны үшін, жауынгерлік даярлықтағы жоғары жетістіктері үшін (ерліктердің, жетістіктердің қысқаша сипаты, бұйрықтар мен басқа да құжаттардың күні көрсетіледі) алған алғыстары туралы мәліметтер енгізіледі.
Есеп беру кезеңінде өзгерістер болмаған жағдайда, өзгерістердің болмағаны туралы жазба енгізіледі.
VI. БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҚ, ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҚ, ӘСКЕРИ БӨЛІМ (ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫ, МЕКЕМЕ) ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНЫҢ НАГРАДАЛАРЫ
20___ жыл.
Ордендер, медальдар, құрметті (атаулы) қару, грамота атауы | Әскери бөлім (әскери оқу орны, мекеме) құрылғаннан бері наградталғандардың саны | Формулярды жасау күніне наградталғандар саны | ||||||||
генералдар | офицерлер | сержанттар | сарбаздар | жиыны | генералдар | офицерлер | сержанттар | сарбаздар | жиыны | |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VI бөлім. Бас қолбасшылық, өңірлік қолбасшылық, әскери бөлім (әскери оқу орны, мекеме) жеке құрамының наградалары:
1) Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттік наградалармен марапатталған әскери қызметшілер мен азаматтық персонал жеке тізім бойынша, наградталғандардың ерліктерінің қысқаша сипаты;
2) әскери бөлім (әскери оқу орны, мекеме) құрылған кезеңнен бастап Қазақстан Республикасы, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ордендерімен, медальдарымен, құрметті және атаулы қаруларымен наградталған әскери қызметшілердің саны;
3) Формуляр құрылған күні Бас қолбасшылықта, өңірлік қолбасшылықта, әскери бөлімде (әскери оқу орны, мекеме) наградталғандар саны енгізіледі.
Бөлімге жеке құрамның еңбек сіңірген жылдары үшін алған наградалары енгізілмейді.
VII. БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҚ, ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҚ, ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР (ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫ, МЕКЕМЕ) ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ
20___ жыл.
р/с № | Лауазымы | Әскери атағы | Тегі, аты және әкесінің аты | Мемлекеттік наградалар, құжаттың күні, атауы, не үшін наградталғаны. Кезекті әскери атақ беру. | Тағайындау және ауыстыру туралы бұйрықтардың күні және нөмірлері |
|
|
|
|
|
|
VII бөлім. Бас қолбасшылық, өңірлік қолбасшылық, әскери бөлім (әскери оқу орны, мекеме) қолбасшылығы бөліміне: бөлім командирі мен оның орынбасарларының, әскери оқу орны (мекеме) бастығының және оның орынбасарларының лауазымы, әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты, наградалары (құжаттың күні, атауы көрсетіледі), не үшін наградталғаны, кезекті атақ беру, тағайындау және ауыстыру туралы бұйрықтың күні және нөмірі енгізіледі.
Бұл бөлімге тек қолбасшылық адамдары ғана: Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, өңірлік қолбасшылық қолбасшысы және оның орынбасарлары, әскери бөлім командирлері және олардың орынбасарлары, әскери оқу орнының бастығы және оның орынбасарлары енгізіледі, штат бойынша қолбасшылыққа кіретін басқа лауазымды адамдар (заңгер, өңірлік қолбасшылық, бригада, полк (батальон) сержанты және басқалар) бөлімге енгізілмейді.
Бөлімге штаттық-лауазымдық тағайындалуына сәйкес есеп беру кезеңіндегі қолбасшылықтың барлық лауазымды адамдары енгізіледі.
VIII. ТУЛАР, ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ МЕРЕЙТОЙЛАР, МӘҢГІЛІК НЕМЕСЕ ҚҰРМЕТТІ САРБАЗДАР ТІЗІМІНЕ ТІРКЕУ, БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҚТА, ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҚТА, ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ (ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫНДА, МЕКЕМЕДЕ) БОЛУ
20___ жыл.
1. Тулар Жауынгерлік Туды және Грамотаны тапсыру күні. Кім тапсырды және негіз |
|
2. Жылдық мерекелер мен мерейтойлар Жылдық мереке күні қашан және қандай бұйрықпен белгіленді. Бұйрықтың күні және нөмірі |
|
3. Мәңгілік немесе құрметті сарбаздар тізіміне тіркеу Мәңгілік немесе құрметті сарбаздар тізіміне енгізілгеннің лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, енгізілген адам ерлігінің қысқаша сипаты |
|
4. Әскери бөлімде (әскери оқу орнына, мекемеге) болу Әскери бөлімге (әскери оқу орнында, мекемеге) кім және қашан болды |
|
5. Тексерулер туралы белгілер Кім, қашан тексерді (инспекциялаушының лауазымы, әскери атағы және тегі). Тарихи формулярды жүргізу бойынша ескертулер |
|
VIII бөлім. Тулар, жылдық мерекелер және мерейтойлар, мәңгілік немесе құрметті сарбаздар тізіміне тіркеу, Бас қолбасшылықта, өңірлік қолбасшылықта, әскери бөлімдерде (әскери оқу орнында, мекемеде) болу:
1) Жауынгерлік Ту мен Грамотаны тапсыру күні, тапсыру туралы бұйрықтың нөмірі, кім тапсырды және негіздеме;
2) қашан және қандай бұйрықпен жылдық мереке белгіленді, күні және нөмірі;
3) бөлім (әскери оқу орны, мекеме) тізіміне мәңгілікке немесе құрметті сарбаз ретінде енгізілгеннің атағы, тегі, аты-жөні, лауазымы, туған жылы және жері, оның ерлігінің қысқаша сипаты және бөлімнің жауынгерлік міндетті орындауына бұл ерліктің тигізген көмегі (осы бағанға бөлімнің тізіміне мәңгілікке немесе құрметті сарбаз ретінде енгізілгеннің фотосуреті жапсырылады);
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, оның орынбасарларының әскери бөлімде (әскери оқу орнында, мекемеде) болған күндері енгізіледі.
Осы жерге инспекциялаушы белгі қояды, сондай-ақ Тарихи формулярды жүргізу бойынша ескертулер жазылады.
Есеп беру кезеңінде өзгерістер болмаған жағдайда, өзгерістердің болмағаны туралы жазба енгізіледі.
ІХ. БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҚТЫҢ, ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҚТЫҢ, ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ (ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫНЫҢ, МЕКЕМЕНІҢ) ОРНАЛАСУ ОРНЫНЫҢ ЖӘНЕ БАҒЫНЫСТЫЛЫҒЫН ӨЗГЕРУІ
20___ жыл.
Бағыныстылығы және толық нақты атауы (өзгеріске дейін) | Орналасқан пункті (өзгеріске дейін) | Өзгерістен кейінгі бағыныстылығы және толық атауы | Өзгерістен кейінгі орналасу пункті | Өзгерістер енгізілген құжаттың нөмірі және күні |
|
|
|
|
|
IX бөлім. Бас қолбасшылықтың, өңірлік қолбасшылықтың, әскери бөлімдердің (әскери оқу орнының, мекеменің) орналасу орнының және бағыныстылығының өзгеруі.
Әскери бөлімнің (әскери оқу орнының, мекеменің) орналасуындағы және бағыныстылығындағы өзгерістер, өзгеріс енгізілген тиісті нормативтік-құқықтық актінің (бұйрықтың) күні және нөмірі туралы мәліметтер енгізіледі.
Орналасуында және бағыныстылығында өзгерістер болмаған жағдайда, бірінші, екінші және бесінші бағандар толтырылады, өзгерістер болған жағдайда барлық бағандар толтырылады.
Құрамалар мен әскери бөлімдердің штаб бастықтары формулярлардың бөлімдерін түпкілікті пысықтаған соң, олардың әрқайсысының толықтығын және мазмұнын мұқият тексереді және оны тиісті командирге (бастыққа) қол қоюға ұсынады.
Папканың және тарихи формулярдың қысқаша сипаты
1. Тарихи формулярдың папкасы ледеринмен немесе жеңіл дерматинмен жабылған қатты картон мұқабадан (240*320 мм) тұрады.
Тарихи формуляр мұқабасының сыртқы жағында құжаттар тізбесін сақтауға арналған дерматин қалта (45*310 мм) және ледерин таспа (10*310 мм) бар.
2. Папканың ішінде формуляр бөлімдерінің саны бойынша тиісті бөлімге қатысты құжаттарды тігуге арналған жаппасы және түбіртегі (45*310 мм) бар 9 парақ-төсем тігілген (230*310 мм).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |