• Мое избранное
«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 225-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:  
Көрсетілген қаулымен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1641 қаулысымен
бекітілген
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі - РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - ЖЖҚ) пайдалану, сондай-ақ РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі - ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс қызметін көрсететін және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентінің (InternationalTelecommunication Union, ITU, Женева 2012 г.) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі – ҚРВАК) ұсыныстары ескерілді.
Осы Қағидалар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ пен ЖЖҚ-ға;
2) ҚРВАК ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиожиілікпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ пен ЖЖҚ-ға қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ұлттық кесте – 2000 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген №1379 Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі;
2) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі - осы құралдар немесе құрылғылар меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не болмаса өзге заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) болатын заңды немесе жеке тұлға;
3) жоғары жиілікті құрылғы (ЖЖҚ) - телекоммуникация саласында пайдалануды қоспағанда, электромагниттік энергияны өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда шоғырландыруға және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
4) өтініш беруші - жеке немесе заңды тұлға РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесінің өкілі, не оның сенім білдірілген тұлғасы;
5) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
6) радиожиілік немесе радиожиілік арнасын иелікке беру - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат, ол осы рұқсатта көрсетілген жиіліктер жолағын, радиоэлектронды құралды қолданумен радиожиілікті (радиожиілік арнасын) пайдалануға арналады;
7) жылжымалы радиоэлектрондық құрал - географиялық координаталарға тұрақты байланыстырылмаған радиоэлектрондық құрал;
8) радиожиілік спектрі (РЖС) - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
9) радиоэлектрондық құрал (РЭҚ) - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан құралатын техникалық құрал;
10) электромагнитті үйлесімділік (ЭМҮ) – РЭҚ және ЖЖҚ болып қабылданатын техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда белгіленген сапада жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті;
11) жиілікті бірлесіп пайдалану - екі немесе одан да көп пайдаланушылардың жиіліктерді пайдалануы;
12) стационарлық радиоэлектрондық құрал - тұрақты географиялық координаталары бар РЭҚ;
13)  уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
14) радиожиілік ресурсы (бұдан әрі - РЖР) - белгілі бір аумақта эфирде жұмыс істеуге арналған, Халықаралық электр байланысы одағының талаптарын қанағаттандыратын және:
жиіліктердің диапазоны;
жиіліктердің қолданылатын спектрінің ені;
15) Мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
16) радиорелелік желілер –радиостанциялардың (ретрансляциялық) қабылдау-беру бауымен құрылған радиобайланыс желісі;
17) VSAT-станция – желіні басқару орталығының (бұдан әрі - ЖБО) функционалдық құралдарының көмегіменбасқарылатын және бақыланатын немесе желіні басқару орталығының функцияларын орындайтын VSAT-станциясымен белгіленетін шағын апертурасы бар спутниктік байланыстың бір бөлігі ретінде ЖБО жұмыс істейтін жердегі станция;
18) мобильді радиобайланыс – бұл абоненттер арасында пайдалану орнын ауыстыра алатын радиобайланыс;
19) жоғары нүктелі жерсеріктік навигациялық жүйенің ұлттық операторы (ЖЖНЖ ұлттық операторы) – Қазақстан Республикасының жерсеріктік навигациялық жүйесін басқаруды және пайдалануды, жерсеріктік навигациялық қызмет саласында технологиялық бірлігін орындайтын, және де оның қолданылуы негізінде қызметтерді көрсететін ұйым;
20) дифференциалды станция – дифференциалды түзетулер әрекетінің радиусында орналасқан жағдайда оның кеңестік координаттарын нақтылығын жоғарылату үшін қолданушыға байланыс каналдары арқылы түзетілген ақпараттар құрамында дифференциялдық түзетулерді есептеу және жіберу, олардың көмегімен ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйесінің сигналдарын қабылдау және өңдеу орындалатын, белгілі кеңсітік координаталарымен пунктте орналасқан радиоэлектрондық және техникалық құралдардың жинағы
3. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу кезіндегі лауазымды адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша шағымдануға болады.