• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мыналар:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ақпарат және ақпараткоммуникациялар комитеті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Өңірлік ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлгіне мынадай заңды тұлғалардың міндеттемелері мен мүлкін бере отырып мыналар таратылсын:  
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлік және қатынас жолдары комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті.
Мыналар:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілгінің Өнеркәсіпті дамыту комитеті;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті деп қайта аталсын.
4. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.  
5. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын және Ережеде көрсетілген республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін уәкілетті орган болып айқындалсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетi Ережеде көрсетілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін, жауапкершілігі шектеулі серіктестерде қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын берсін.
7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
8. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « » ____________
№ ____ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгi индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi; салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды уран және көмірді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару; энергия үнемдеу, туристiк қызмет саласында басшылық етудi, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру, көлік және коммуникация; өнеркәсіптік қауіпсіздік; байланыс, ақпараттандыру, ақпарат; ғарыш қызметі, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi (бұдан әрi - реттелетiн салалар) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Инвестиция комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Өнеркәсіптік даму комитетi;
3) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Техникалық реттеу және метрология комитетi;
4) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Геология комитетi;
5) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Автомобиль жолдары комитетi;
6) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Азаматтық авиация комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Көлік комитеті;
8) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Ақпарат және ақпараттық-коммуникация комитеті;
9) Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгiнің Аэроғарыш комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Инвестицялар және даму министрлiгi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.