Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 239-ө бұйрығына
4 қосымша
Toggle Dropdown
«Жерсiндiруге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Жерсiндiруге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жерсіндіруге арналған қағаз жеткізгіштегі рұқсат (бұдан әрі – рұқсат).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) әрекетжасау тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
қызмет алушылардан қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініші келіп түскен күні қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға қызметті беруші басшылығына беруі;
Toggle Dropdown
қызметті беруші басшылығының құжатының мазмұнымен өтініші келіп түскен күні танысып, бұрыштама белгі қоюы. Құжатты қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшылығына (қызметті берушінің басшылығына) беруі;