Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 239-ө бұйрығына
3 қосымша
Toggle Dropdown
«Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік қызметті Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Toggle Dropdown
39)www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу (бұдан әрі – келісу).
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) әрекетжасау тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш (сұрау салу) мен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтініш (сұрау салу)) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
қызмет алушылардан портал арқылы не қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініші (сұрау салу) келіп түскен күні қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға қызметті беруші басшылығына беруі.
Toggle Dropdown
Өтініш қағаз тасығышта түскен жағдайда орындаушымен сұрау салу портал арқылы келіп түскен күні барлық жолдарын толтырумен және қағаз тасығышта ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жалғаумен тіркеу жүргізіледі;
Toggle Dropdown
қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде құжаттың мазмұнымен өтініш (сұрау салу) келіп түскен күні танысып, бұрыштама белгі қоюы. Құжатты қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (қызметті берушінің басшысына) беруі;
Toggle Dropdown
қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің өтініші (сұрау салу) келіп түскен күні жауапты қызметкерін таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
Toggle Dropdown
орындаушының берілген құжаттардың шынайылылығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарауы және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі;
Toggle Dropdown
берілген құжаттар толық және шынайы болған жағдайда тиісті шешім дайындау;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы.
Toggle Dropdown
1.Мына рәсімдерді (әрекеттерді) орындай бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижелері:
Toggle Dropdown
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш (сұрау салу);
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттардың толымдылығы мен шынайылығы;
Toggle Dropdown
қызметті беруші басшысының электронды цифрлы қолы (ЭЦҚ) қойылған электронды құжат.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш (сұрау салу) берілген жағдайда:
Toggle Dropdown
электронды тәсілмен – нәтиже электронды құжат нысанында ресімделеді;
Toggle Dropdown
қағаз тәсілімен – нәтиже электронды құжат нысанында ресімделеді, қағазға басылады, басшы қол қояды және қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы