Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 239-ө бұйрығына
7 қосымша
«Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
1.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ? балықтың қайдан ауланғаны туралы қағаз жеткізгіштегі анықтама (бұдан әрі – анықтама).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) әрекетжасау тәртібінің сипаттамасы
1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
қызмет алушылардан қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініші келіп түскен күні қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға қызметті беруші басшылығына беруі;
қызметті беруші басшылығының құжатының мазмұнымен өтініші келіп түскен күні танысып, бұрыштама белгі қоюы. Құжатты қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшылығына (қызметті берушінің басшылығына) беруі;