Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 239-ө бұйрығына
8 қосымша
Toggle Dropdown
«Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар дүниесі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар дүниесі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау және нәтижелерін беру:
Toggle Dropdown
қызметті берушілердің кеңсесі жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2.Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі – дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар дүниесі объектілерін аулауға келісу.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) әрекетжасау тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
қызмет алушылардан қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініші келіп түскен күні қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға қызметті беруші басшылығына беруі;