• Мое избранное
«Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 28 наурыздағы № 4-1/165 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 28 наурыздағы № 4-1/165 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 28 наурыздағы № 4-1/165 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 28 наурыздағы № 4-1/165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9376 болып тіркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінде:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен:
«Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары, 2-1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы « » № бұйрығымен
бекітілген
«Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті
Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz  веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – 2010 жылғы 
21 қаңтарындағы № 32 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген (№ 6052 нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу Реестрде тіркелген) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді сақтауы туралы растау (бұдан әрі – Растау) беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімінің басталуына негіз мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну туралы көрсетілетін қызметті алушының өтінімі немесе порталға электрондық сұрау (бұдан әрі - өтінім) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер), оны орындау ұзақтығы:
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды және мелекеттік көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қол хат береді:
құжаттарды қабылдау нөмірі мен күнін;
сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
4) құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезендері:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдап, тіркеп және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар жазу үшін және одан әрі көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысына беру үшін жібереді – 30 минуттан артық емес;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы құжатты қарастырып және жауапты атқарушыны анықтайды – құжаттарды беру үшін мерзімі – 3 сағаттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы 2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 5 бабының 10) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың көлемін (пайыздық ара қатынаста) сәйкестігін айқындайды, мемлекеттік қызметті көрсетуде растауды дайындайды – 3 жұмыс күні ішінде;
4) қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсетуді растауға не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 3 сағаттан артық емес;
5) қызметті беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуді растау не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 30 минуттан артық емес.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі астық экспорттаушыларға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерін орындау туралы растау беру болып табылады;
2) порталға жүгінген кезде көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі – құжаттын дайындығы туралы ескертпе болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ):
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы.
8. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімінің) жүйелілігі мен өзара әрекеттестігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды жүйелілігі мен ҚФБ-тің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
9-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары, 2-1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекетестік тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезенде көрсетілетін қызметті алушылардың халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлі қолы болуы шарты кезінде портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлі қолы куәләндырылған электрондық құжат нысанында өтінім ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы Заңға сәйкес мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың көлемін (пайыздық ара қатынаста) сәйкестігін айқындайды, мемлекеттік қызметті көрсетуде растау дайындайды – 3 жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық түрі процессі осы Регламентке 3-қосымшада кесте түрінде бейнеленген.
___________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы «__» _________ № ___
бұйрығына қосымша
«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік
астық ресурстарына астықты жеткізу
жөніндегі міндеттемелерді астықты
экспорттаушылардың сақтауы туралы
растаманы беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-1-қосымша
«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процессор Анықтамасы
 
«Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «28» наурыздағы №4-1/165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «__» шілдедегі №_______ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2)-тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін, «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бизнес-процессор Анықтамасы»

толықтыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «28» наурыздағы №4-1/165 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2014 жылдын 30 сәуірінде № 9376 болып тіркелген)

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Қарастырылмаған

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Регламент Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет ресурсында жарияланды

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ



Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының м.а. А. Мәлібеков