• Мое избранное

Отправить по почте

«Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары көрсетілген қаулымен бекітілген:  
2 тармақ келесі басылымда жазылсын:
«2. Акциздік постылар лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында тікелей:  
1) этил спиртін;
2) темекі бұйымдарын;
3) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.»:
2) 3 және 4 тармақтары келесі басылымда жазылсын:
«3. Сондай-ақ акциздік постылар мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы жүзеге асыратын салық төлеушілердің аумағында  
орнатылады.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген акциздік постылар, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес табыс етілетін хабарламада көрсетілген, акцизделетін тауарларды алған күннен бастап акцизделетін тауарларды есепке алған күнге дейінгі мерзімге белгіленеді.»;
3) 7 тармақ келесі үшінші жолмен толықтырылсын:
«Сонымен қатар, акциздік постының лауазымды тұлғасы акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің заңсыз өндірісі мен айналымына жол бермеуді және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларын, нормативтік-құқықтық актілерін бұзылмауына жол бермеуді қамтамасыз етеді.
9 тармақ келесі басылымда жазылсын:
«9. Салық кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделенетін тауарларды магистральдық құбырлармен өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер көрсетілген тауарлардың әкелінетін орны бойынша салық органдарын үш жұмыс күнінен кешіктірмей олардың алдағы алу күні туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландырады.»;
5) 11 тармақта:  
2) тармақша алынып тасталсын;
3) және 4) тармақшалары келесі басылымда жазылсын:
«3) ағымдағы жұмыс күні ішінде әкелінетін акцизделетін өнімді қабылдауды (түсіруді) аяқтай алмаған жағдайда, кәсіпорынның жауапты қызметкерімен бірлесіп, қойма үй-жайларын, көлік құралдарын жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбалауға және акцизделетін тауарлардың қолда барын және олардың бүтіндігін тексеруге;
4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:
акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;
спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);
өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);
мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өңдіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;
дизель отынын, бензинді босату крандарына біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломба салуға.
Біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбы салу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбы салу актісі жасалады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген пломбаларды өндірушінің немесе көтерме саудада сатушының өкілдері алады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай фактісін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган растайды;»;
6) 12 тармақтың 3) және 4) тармақшалары келесі басылымда жазылсын:
«3) акцизделетін тауарларды есепке қабылдауына;
4) акцизделетін тауарларды тек өлшеуші аппараттары арқылы бұруына және (немесе) жіберілуіне немесе есепке алу аспаптары арқылы сатуымен (құюмен), мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің тиелімі есептік бақылау аспатары арқылы жүргізілуіне, сондай ақ соңғылардың пломба салынған түрде пайдаланылуына;
7) 13 тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
5) және 6) тармақшалары келесі басылымда жазылсын:
«5) өндірушінің аумағында орнатылған акциздік постыдағы кезекшіліктен кейінгі екінші күні «Акциз» ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бензин және дизель отынын, этил спирті, өндіру мен өткізу көлемдері туралы күн сайынғы есептерді Салық комитетіне беруді қамтамасыз етеді;
6) жекелеген қызмет түрлері бойынша салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген есепті ай сайын толтыру үшін шеттен әкелінген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны жөніндегі мәліметтерді жібереді;
8) 14 және 15 тармақтар келесі басылымда жазылсын:
«14. Мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы орнын ауыстыруды жүзеге асыратын салық төлеушіде орнатылған акциздік постыда отырған лауазымды адам:
1) мұнай өнімдерін есепке алу аспаптарының (бар болған жағдайда) көрсеткіштерін жұмыс күнінің басында және аяғында осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда белгілейді;
2) көлемі көлемді-салмақтық әдіспен айқындалатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын қабылдауға және тиеп жөнелтуге қатысады;
3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы орнын ауыстырған мұнай өнімдері жөніндегі мәліметтерді қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген ай сайын есепті толтыру үшін жібереді.
15. Салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден өткізілген мұнай өнімдерін, Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны жөніндегі есептерді ақпараттық жүйе арқылы есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Салық комитетіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беруді қамтамасыз етеді.»;
9) 16 тармақтың бірінші абзацын келесі басылымда жазылсын:  
«16. Этил спиртін, темекі бұйымдарын, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндірушінің аумағында орнатылған акциздік постыда отырған лауазымды адам осы Қағидалардың 11 және 12-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша журналдарды күн сайын жүргізеді.».
2. 2 тармақтың күші 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылсын, тоқтатылған уақытта аталан тармаққа келесі басылым қолданыста болады.  
«2. Акциздік постылар лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында тікелей:
1) этил спиртін;
2) алкоголь өнімін (жылдық өндіріс қуаттылығы төртжүзмың декалитрден төмен болатын сыра өнімдерін қоспағанда);
3) темекі бұйымдарын;
4) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.»;
1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қосымшаларын келесі басылымда жазылсын осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 қосымшаларына сәйкес.  
3. 11 тармақтың 4) тармақшасының күші 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылсын, тоқтатылған уақытта аталан тармаққа келесі басылым қолданыста болады.
«4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:
акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;
спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);
өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);
алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;
мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өңдіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;
дизель отынын, бензинді босату крандарына біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломба салуға.
Біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбы салу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбы салу актісі жасалады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген пломбаларды өндірушінің немесе көтерме саудада сатушының өкілдері алады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай фактісін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган растайды;»;
4. Осы Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, келесілерді қоспағанда:
1) 6) тармақшаның үшінші абзацы, 2), 3) тармақшалар, 7) тармақшаның бесінші абзацы, 1 тармақтың 8) тармақшасы, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді;
2) 5) тармақшаның екінші абзацы, 6) тармақшаның төртінші абзацы, 7) тармақшаның екінші және төртінші абзацтары, 1 тармақтың 9) тармақшасы, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр  К. Мәсімов
«Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 
р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы м инистр лігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

  1. 1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының

    Заңы және Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы 2011 жылдың 11 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының

    Заңын іске-асыру мақсатында және

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылдың « » № Үкіміне сәйкес.

2. Акциздік постылардың жұмыстарын күшейту және оңтайландыру мақсатында.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Аталған жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

  1. 1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының

    Заңы және Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы 2011 жылдың 11 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының

    Заңын іске-асыру мақсатында және

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылдың « » № Үкіміне сәйкес.

2. Акциздік постылардың жұмыстарын күшейту және оңтайландыру мақсатында.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоба кейіннен заңнаманы оған сәйкес келтіруді болжамайды

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру

Р ұқсат етіледі

11.

Жобаны и нтернет-ресурс т а орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында кеңінен талқылауға ұсынылатын «Нормативтік құқықтық актілер жобалары» бөлімінде орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Кеңінен талқылауға ұсынылған «Нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары» бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында орналастырылған

* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
Қазақстан Республикасы 
Қаржы Вице-министрі Р. Дәленов 
  2014 жылғы «_____»___________
«Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулы жобасының салыстырмалы кестесі
 
р / н

Құрылымдық элемент

Қолданудағы редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме

«Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулы

1

2 Тармақ

2. Акциздік постылар лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша салық төлеушілердің аумағында тікелей:

1) этил спиртін;

2) алкоголь өнімін;

3) темекі бұйымдарын;

4) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.

2. Акциздік постылар лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында тікелей:

1) этил спиртін;

2 ) темекі бұйымдарын;

3 ) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.

« Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь

өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының

Заңының 2 тармағының 7
) тарам қшасына сәйкес келтірілген.

2

3 Тармақ

3. Сондай-ақ акциздік постылар салық төлеушілердің аумағында:

1) мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы орнын ауыстыру;

2) мұнай мен мұнай өнімдерін темір жол көлігімен орнын ауыстыру;

3) алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын көтерме саудада өткізуі жүзеге асырғанда орнатылады.

3. Сондай-ақ акциздік постылар мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы жүзеге асыратын салық төлеушілердің аумағында орнатылады.

« Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь

өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының

Заңының 2 тармағының 7
) тарм ақшасына сәйкес келтірілген.

3

4 Тармақ

4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген акциздік постылар (мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында орнатылатын акциздік постыларды қоспағанда), осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес табыс етілетін хабарламада көрсетілген, акцизделетін тауарларды алған күннен бастап импортталаған акцизделетін тауарларды есепке алған күнге дейінгі мерзімге белгіленеді.

4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген акциздік постылар, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес табыс етілетін хабарламада көрсетілген, акцизделетін тауарларды алған күннен бастап акцизделетін тауарларды есепке алған күнге дейінгі мерзімге белгіленеді.

Акциздік постылардың жұмыстарын оңтайландыру мақсатында.

4

7 Тармақ

7. Акциздік постының құрамы қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органының лауазымды адамдарының қатарынан құралады (бұдан әрі - лауазымды адамдар).

Лауазымды адамдар осы Қағидаларда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған кезде Салық кодексінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманың нормаларын, осы Қағидаларды басшылыққа алады.

Сонымен қатар, акциздік постының лауазымды тұлғасы акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің заңсыз өндірісі мен айналымына жол бермеуді және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларын, нормативтік-құқықтық актілерін бұзылмауына жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Акциздік постылардың жұмыстарын күшейту мақсатында.

5

9 Тармақ

9. Салық кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделенетін тауарларды (жеңіл автомобильдерді және магистральдық құбырлармен өткізілетін акцизделетін тауарларды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер көрсетілген тауарлардың әкелінетін орны бойынша салық органдарын үш жұмыс күнінен кешіктірмей олардың алдағы алу күні туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландырады.

Салық кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделенетін тауарларды магистральдық құбырлармен өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер көрсетілген тауарлардың әкелінетін орны бойынша салық органдарын үш жұмыс күнінен кешіктірмей олардың алдағы алу күні туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландырады.

Акциздік постылардың жұмыстарын оңтайландыру мақсатында.

6

11 Тармақ

11. Лауазымды адам акциздік постыда болған кезеңінде:

2) алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбалардың түпнұсқалығын іріктеп тексеруді арнайы аспаптар арқылы жүзеге асыруға;

3) ағымдағы жұмыс күні ішінде әкелінетін акцизделетін өнімді қабылдауды (түсіруді) аяқтай алмаған жағдайда, кәсіпорынның жауапты қызметкерімен бірлесіп, қойма үй-жайларын, көлік құралдарын жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне мөрлеп және (немесе) пломбалауға және акцизделетін тауарлардың қолда барын және олардың бүтіндігін тексеруге;

4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:

акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;

спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);

өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);

алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;

мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өңдіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;

дизель отынын, бензинді босату крандарын мөрлеуге және (немесе) пломба салуға.

Мөрлеу және (немесе) пломбы салу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөрлеу және (немесе) пломбы салу актісі жасалады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген мөрлер мен пломбаларды өндірушінің немесе көтерме саудада сатушының өкілдері алады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай фактісін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган растайды;

11. Должностное лицо на период нахождения на акцизном посту имеет право:

2) – алынылып тасталсын;

3) ағымдағы жұмыс күні ішінде әкелінетін акцизделетін өнімді қабылдауды (түсіруді) аяқтай алмаған жағдайда, кәсіпорынның жауапты қызметкерімен бірлесіп, қойма үй-жайларын, көлік құралдарын жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбалауға және акцизделетін тауарлардың қолда барын және олардың бүтіндігін тексеруге;

4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:

акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;

спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);

өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);

мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өңдіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;

дизель отынын, бензинді босату крандарына біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломба салуға.

Біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбы салу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбы салу актісі жасалады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген пломбаларды өндірушінің немесе көтерме саудада сатушының өкілдері алады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай фактісін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган растайды ;

  1. Акциздік постылардың жұмыстарын күшейту мақсатында.

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь

өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының

Заңының 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес келтірілген.

7

12 Тарма қ

12. Акциздік постыдағы лауазымды адам:

3) импортталатын акцизделетін тауарларды есепке қабылдауына;

4) акцизделетін тауарларды тек өлшеуші аппараттары арқылы бұруына және (немесе) жіберілуіне немесе есепке алу аспаптары арқылы сатуымен (құюмен), сондай ақ соңғылардың пломба салынған түрде пайдаланылуына;

12. Акциздік постыдағы лауазымды адам:

3) акцизделетін тауарларды есепке қабылдауына;

4 ) акцизделетін тауарларды тек өлшеуші аппараттары арқылы бұруына және (немесе) жіберілуіне немесе есепке алу аспаптары арқылы сатуымен (құюмен), мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің тиелімі есептік бақылау аспатары арқылы жүргізілуіне, сондай ақ соңғылардың пломба салынған түрде пайдаланылуына

1) « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь

өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының

Заңының 2 тармағының 7
) тарм ақшасына сәйкес келтірілген.

8

13 Тармақ

13. Акциздік постыдағы лауазымды адам:

...

3) алкоголь өнімін өндірушінің жауапты тұлғасымен бірлесіп (көміртек қостотығымен қаныққанынан және шарап материалынан басқа) алкоголь өнімін құю желілерін жууды бастау мен аяқтауды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда белгілейді;

...

5) өндірушінің аумағында орнатылған акциздік постыдағы кезекшіліктен кейінгі екінші күні «Акциз» ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 7 , 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бензин және дизель отынын, этил спирті, алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) өндіру мен өткізу көлемдері туралы күн сайынғы есептерді Салық комитетіне беруді қамтамасыз етеді;

6) жекелеген қызмет түрлері бойынша салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген есепті ай сайын толтыру үшін шеттен әкелінген алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны жөніндегі мәліметтерді жібереді;

13. Акциздік постыдағы лауазымды адам:

...

3) – алынып тасталсын;

...

5) өндірушінің аумағында орнатылған акциздік постыдағы кезекшіліктен кейінгі екінші күні «Акциз» ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 7 , 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бензин және дизель отынын, этил спирті, өндіру мен өткізу көлемдері туралы күн сайынғы есептерді Салық комитетіне беруді қамтамасыз етеді;

6) жекелеген қызмет түрлері бойынша салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген есепті ай сайын толтыру үшін шеттен әкелінген, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны жөніндегі мәліметтерді жібереді;

1) « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь

өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының

Заңының 2 тармағының 7
) тарм ақшасына сәйкес келтірілген.

9

14 Тарма қ

14. Мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары, темір жол көлігі арқылы орнын ауыстыруды жүзеге асыратын салық төлеушіде орнатылған акциздік постыда отырған лауазымды адам:

1) мұнай және мұнай өнімдерін есепке алу аспаптарының (бар болған жағдайда) көрсеткіштерін жұмыс күнінің басында және аяғында осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда белгілейді;

2) көлемі көлемді-салмақтық әдіспен айқындалатын мұнай, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын қабылдауға және тиеп жөнелтуге қатысады;

3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары, темір жол көлігі арқылы орнын ауыстырған мұнай және мұнай өнімдері жөніндегі мәліметтерді қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген ай сайын есепті толтыру үшін жібереді.

14. Мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы орнын ауыстыруды жүзеге асыратын салық төлеушіде орнатылған акциздік постыда отырған лауазымды адам:

1) мұнай өнімдерін есепке алу аспаптарының (бар болған жағдайда) көрсеткіштерін жұмыс күнінің басында және аяғында осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда белгілейді;

2) көлемі көлемді-салмақтық әдіспен айқындалатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын қабылдауға және тиеп жөнелтуге қатысады;

3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы орнын ауыстырған мұнай өнімдері жөніндегі мәліметтерді қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген ай сайын есепті толтыру үшін жібереді.

Акциздік постылардың жұмыстарын оңтайландыру мақсатында.

10

15 Тармақ

15. Салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден өткізілген мұнай мен мұнай өнімдерін, Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны жөніндегі есептерді ақпараттық жүйе арқылы есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Салық комитетіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беруді қамтамасыз етеді.

15 . Салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден өткізілген мұнай өнімдерін, Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны жөніндегі есептерді ақпараттық жүйе арқылы есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Салық комитетіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беруді қамтамасыз етеді.»;

Акциздік постылардың жұмыстарын оңтайландыру мақсатында.

11

16 Тармақ

16. Этил спиртін, алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндірушінің аумағында орнатылған акциздік постыда отырған лауазымды адам осы Қағидалардың 11 , 12 және 13-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша журналдарды күн сайын жүргізеді.

16. Этил спиртін, темекі бұйымдарын, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндірушінің аумағында орнатылған акциздік постыда отырған лауазымды адам осы Қағидалардың 11 және 12-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша журналдарды күн сайын жүргізеді

1) « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь

өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылдың 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының

Заңының 2 тармағының 7
) тарм ақшасына сәйкес келтірілген.

   Вице - министр   Р. Дәленов