• Мое избранное
«Көмір өнеркәсібі» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Көмір өнеркәсібі» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 31 шілдедегі № 8074 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
2014 жылғы 9 шілдедегі
№ 08-1/01-5-3214 хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Көмір өнеркәсібі» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрық жобасын қарап, келісіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 292-ө-м бұйрығымен бекітілген салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және рәсімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) сәйкес салалық біліктілік шеңберлерінде (бұдан әрі - СБШ) титул, мазмұны, паспорт; жалпы ережелерінде (басқалармен қатар) – СБШ әзірлеу мақсаттары, саланы дамытудың мақсаттары мен міндеттері, шеңберінде саланың қызметі жүзеге асырылатын негізгі нормативтік құқықтық актілер көзделген.
Ұсынылған СБШ жобасында осы деректер жоқ.
СБШ-ні жоғарыда аталған Әдістемелік ұсынымдардың талаптарына сәйкес реттеуді ұсынамыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының негізінде дәлелденген жауап жіберуді сұраймыз.
  Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева