• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 маусымдағы № бұйрығына 1-қосымша

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2015 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес
Жалпы ережелер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі және оның облыстар, Астана, Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші):
1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2)www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік. 
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады. 
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі. Нәтижені беру www.azpp.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысымен бекітілген «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көзделген өтінішін және құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап 2 (екі) сағат ішінде оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
4)жауапты орындаушы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, өтініш берілген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жұмысшы нұсқасын басып шығарады.
Өтініш берілген өнім санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жұмысшы нұсқасын көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысына бұрыштама қоюға береді;
5)көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жұмысшы нұсқасына бұрыштама қояды және жауапты орындаушыға береді;
6)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 (он бес) минут ішінде нөмірді беруді жүргізеді, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін қатаң есептіліктің ресми бланкінде басып шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға береді;
7)көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесіне қол қояды және жауапты орындаушыға береді;
8)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 (он бес) минут ішінде тіркелген өнімді Кеден одағының Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне деректер базасына жазады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кеңсеге беріледі;