• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4-топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агентігі төрағасының 2014 жылғы 20 маусымдағы № 145 бұйрығына 5-қосымша

«Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4-топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2015 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес
Жалпы ережелер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Орталық режимдік комиссиясы және оның облыстар, Астана, Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. 
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4 топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысымен бекітілген «Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4-топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген өтінішін және құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1)көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, стандартқа 2-қосымшаға сәйкес талон береді, құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап 2 (екі) сағат ішінде оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2)көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қарайды, қарар қояды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысына береді;
3)көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, қарар қояды және жауапты орындаушыға қарауға береді;
4)жауапты орындаушы 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ресімдейді және биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді;
5)Биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қарап, бұрыштама қояды және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына береді;