• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 маусымдағы № 145 бұйрығына 6-қосымша

«Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2015 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес
Жалпы ережелер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі және оның облыстар, Астана, Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші):
1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады. 
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісім беру туралы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысымен бекітілген «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген өтінішін және құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1)көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап 2 (екі) сағат ішінде оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;
2)көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, қарар қояды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысына береді;
3)көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
4)жауапты орындаушы 12 (он екі) жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ресімдейді, қол қою үшін басшыға енгізеді;
5)көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесіне қол қояды және кеңсеге береді;
6)көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызметті алушының немесе оның өкілінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесіне жүгінген сәтінен бастап 15 (он бес) минут ішінде береді.