• Мое избранное
Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 121 "Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 121 "Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 197 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 31 қазанда N 1670 тіркелді.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 121 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1661 болып тіркелген, 2007 жылдың 30 маусымында N 107-109 "Ақ жол" және N 73 "Знамя труда" газеттерінде жарияланды; Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 13 тамыздағы N 180 "Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 121 қаулысына өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы" қаулысымен өзгерістер мен толықтыру енгізілген; нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1667 болып тіркелген, 2007 жылдың 27 қыркүйегінде N 156 "Ақ жол" және N 110 "Знамя труда" газеттерінде жарияланды) төмендегі өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулының атауында және бүкіл мәтін бойынша, 4 тармағынан басқа, "бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік" деген сөздерді "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі" деген сөздерге ауыстырылсын; 
1 тармағында "1 және 2 қосымшаларға" деген сөздерді "қосымшаға" деген сөзіне ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.І. Ақсақаловқа жүктелсін.
Облыс Әкімінің 
       міндетін атқарушы                         А. Савченко
Жамбыл облысы әкімиятының
 2007 жылғы "27" қыркүйектегі
 N 197 қаулысына қосымша

 Жамбыл облысы әкімиятының
 2007 жылғы "24" мамырдағы
 N 121 қаулысына қосымша
         Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 
Мамандық тардың коды Мамандықтардың атауы Мемлекеттік білім беру тапсырысы
барлығы оның ішінде қазақ тілінде оқыту
1 0704002 Есепші 25 25
2 0817001 Шаштараз 25 0
3 0821001 Тамақтандыру мекемелері маманы 236 183
4 2406001 Қара металл өндірісінің операторы 30 0
5 2504001 Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесары 58 0
6 2804001 Жылжымалы құрамды жөндеу слесары 55 30
7 2916001 Газоэлектрмен пісіруші 537 381
8 2920001 Өндіріс электр жабдықтарын күту және жөндеу электромонтеры 56 0
9 3001001 Автомеханик 100 50
10 3017001 Теміржол электротехникалық жүйелерінің электромонтеры 30 0
11 3021001 Теміржол станциясының кезекшісі 30 30
12 3026001 Локомотив машинистінің көмекшісі 110 30
13 3310001 Электр жүйелерін және электр жабдықтарын электромонтаждаушы 25 0
14 3702001 Есептеу техникаларын күту техник-операторы 28 0
15 3705001 Электронды есептеу және есептеу машиналары операторы 181 125
16 4118001 Тігінші 50 50
17 4120001 Әмбебап-портной 225 125
18 4301001 Кең профильді құрылысшы-шебер 75 50
19 4305001 Өңдеу құрылыс жұмыстары шебері 15 0
20 4313001 Кран машинисі (краншы) 25 0
21 4341001 Жиһаз жасау және столяр өндірісі шебері 30 30
22 4415001 Ауылшаруашылық өндірісі шебері (фермер) 275 225
23 4431001 Ауылшаруашылық электр құралдарын жөндеуші электромонтер 25 25
24 0306002 Қазақ тілі және әдебиеті 20 20
25 0313002 Кәсіптік білім беру 50 50
26 0314002 Бастауыш жалпы білім 105 90
27 0401002 Емдеу жұмысы 194 164
28 0402002 Акушерлік жұмыс 25 25
29 0403002 Мейірбике ісі 50 50
30 0501002 Ветеринария 75 75
31 0601002 Кітапхана ісі 20 20
32 0604002 Аспапта орындаушылыұқ 7 7
33 0607002 Хорда дирижерлық ету 5 5
34 0612002 Актерлік өнер 15 15
35 0619002 Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер 20 20
36 0703002 Қаржы 25 25
37 0705002 Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит 150 125
38 0712002 Ағылшын және түрік тілдерінде оқытылатын менеджмент 25 25
39 0716002 Банк ісі 25 25
40 0819002 Шаштараз өнері мен сәндік косметика 25 0
41 0831002 Ағылшын және түрік тілдерінде оқытылатын маркетинг 25 25
42 2002002 Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану 50 50
43 2506002 Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика 25 0
44 2910002 Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын күту 20 0
45 3002002 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 75 50
46 3312002 Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, іске қосу және пайдалану 20 0
47 3704002 Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері 25 0
48 3706002 Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету 75 50
49 3914002 Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы 20 20
50 3925002 Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы 25 25
51 4123002 Киімдерді құрастыру және модельдеу 25 25
52 4207002 Азық-түлік тағамдарын өндіру машиналары мен жабдықтарының пайдалану 20 20
53 4303002 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану 50 50
54 4323002 Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және жүргізу 25 0
55 4332002 Автокөлік жолдарын және аэродромдарды салу 20 20
56 4402002 Ауыл шаруашылығын механикаландыру 25 25
57 4405002 Жерге орналастыру 25 25
58 4406002 Агрономия 50 50
59 4412002 Фермер шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу 25 25
60 4421002 Зоотехния 25 25
61 3306002 Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, күту және жөндеу 25 25
62 1901002 Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық өңдеу 25 25
63 1909002 Таукен электромеханикалық жабдықтарын техникалық күту және жөндеу 25 25


Жиынтығы: 3807 2660