• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (2008 жылғы 5 желтоқсандағы №265-266 (25712-25713) «Казахстанская правда»; Ведомости Парламента РК, 2008 г., №21 (2525) ст. 93; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2008 жылғы 5 жетоқсандағы № 370-374 (25343) «Егемен Қазақстан»):
11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нысаналы трансферттер және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығын, мүлігі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер учаскесі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағында орналасқан жеке тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағында тіркелген жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салығын қоспағанда кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.»;
35-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1)жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін мынадай облыстық және аудандық (аудандық маңызы бар қалалар) бюжеттерге түсімдер болып табылады:  
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;
мүлігі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлік салығы;
жер учаскесі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағында орналасқан жеке тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағында тіркелген жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салығы.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды»;
52-баптың 2-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:  
«аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;»;
54-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;  
56-бапта:
1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;  
5-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:  
«12) жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен қаржыландырылатын елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шараларды қоспағанда, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;»;
72-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерді аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер арасында бөлу;»;  
73-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерді аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер арасында бөлу;»;
95-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер аудару бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар арқылы ай сайын осы Кодекстің 35-бабы 2-1-тармағында көрсетілген салықтардың нақты түсімдерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.  
Мерзімі өткен қаржы жылының нәтижесі бойынша аударылмай қалған трансферттер сомасы ағымдағы қаржы жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілуі тиіс.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен мерзімі өткен қаржы жылының нәтижесі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансфертпен аударылған артық сомасы ағымдағы қаржы жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей жергілікті бюджеттің кірісіне қайта берілуі тиіс.»;
102-1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жергілікті өзін-өзі басқару органмен трансфертпен аударылған осы трансферттерді өзін-өзі басқару органға аударған жергілікті бюджеттің кірісіне қайтару артық соманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында есепті қаржы жылының аяғына қарай пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспарын нақтылау және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
Ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын нақтылау қажетіне қарай ағымдағы қаржы жылы бойы жүргізілуі мүмкін.»;
104-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мерзімі өткен қаржы жылының нәтижесі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттерді аудару.»;
111-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Кодекстің 95-бабы 1-1 тармағының екінші бөлігінде көзделген;».
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 
161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; 
№ 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 21 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы