• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша Қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 1998 жылғы 15 мамыр N 5

2-тармағының күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 13.12.2001. № 21 қаулысымен. (15.05.1998 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы редакция 10.04.2015 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы, заңдарға өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты қаулы етеді:
1. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 24 наурыздағы "Мүлiкке тыйым салудан босату iстерi бойынша сот тәжiрибесi туралы" (1978 жылғы 21 қыркүйектегi N 18 және 1987 жылғы 2 қазандағы N 11 қаулыларымен өзгерiстер енгiзiлген) N 2 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн: 
а) Қаулының 4-тармағы келесi редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Конституциясы және АК  244-бабына (жалпы бөлiм) сәйкес, өз бетiмен тұрғызылған құрылыстарға құқықтық-меншiктiк құқыққа қатысты даулар соттардың ведомостылығына қарайды. Осыған байланысты өз бетiмен салынған құрылыстарды және қосымша құрылыстарды тыйым салудан босату жөнiндегi талаптары да соттардың қарауына жатады"; 
ә) Қаулының 6-тармағы келесi редакцияда жазылсын: 
Көрсетiлген iстер бойынша талап арызға мүлiктердi тыйым салудан босату актiсiнiң көшiрмесi (тiзiмге алу), өкімнiң көшiрмесi, шешiмдер, басқа да қаулылар оны орындау үшiн тыйым салынған, талапкердiң арызданған талаптарын дәлелдейтiн басқа да құжаттар (сыйға беру, сатып алу-сату, өсиет, чектiк есептер т.т.) қоса тiркеледi; 
б) Қаулының 10-тармағы келесi редакцияда жазылсын: 
Тәркiлеуге жататын мүлiктердi тыйым салудан босату дауына қатысты жағдаЙларда, сот осы мүлiктiң алынғандығы және оның қай жерде екендiгiн анықтауы қажет, өйткенi көрсетiлген жағдайлар мүлiктi табиғи күйiнде қайтару мүмкiндiгiне әсер етедi.