• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігі төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 шілдеде № 9611 тіркелді

Осы редакция 23.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2)-тармақшасына, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті.
2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Әкімшілік департаменті (Ж.А. Ақзам) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Ә.Т. Жуанышпаева) бірлесе отырып, осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Әкімшілік департаменті (Ж.А. Ақзам) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің интернет-ресурсына енгізіп, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің барлық құрылымдық бөлімшелеріне жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Жауапты хатшысы Т.Т. Ысмайыловқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысы күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы            М. Әзілханов
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 18 наурыздағы
№ 11 бұйрығына
1 қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» Стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетеді.
 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хаты. Ұсынылу нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыруы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
 5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толымдылығын және стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеріп, қабылдайды.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылдап алатын құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуі құжаттарды тіркеу журналына тіркеуге және құжаттарды қабылдап алғаны туралы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу мөртаңбасы (кіріс нөмірі, қабылданған күні) бар өтініштің көшірмесін беруге негіз болып табылады, құжаттардың 9-тармаққа сәйкес келмеуі құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
 7. Құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдап алғаны туралы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу мөртаңбасы (кіріс нөмірі, қабылданған күні) бар өтініштің көшірмесін беру 10 минут ішінде жүзеге асырылады.
 8. Құжаттардың тіркелуі көрсетілетін қызметті беруші тарапынан қаралуына негіз болып табылады.
 9. Құжаттарды қабылдап алған сәттен бастап 29 күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарап, көрсетілетін қызметті берушінің сараптама қорытындысы туралы хатты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына бұрыштама (қол) қойғызады.
 10. Көрсетілетін қызметті берушінің сараптама қорытындысының нәтижесі туралы хатқа қол қоюы оны тіркеу журналына енгізу үшін негіз болып табылады.
 11. Көрсетілетін қызметті берушінің сараптама қорытындысының нәтижесі туралы хатын тіркеу көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі тарапынан оларды алған сәттен бастап 10 минут ішінде жүзеге асырылады.
 12. Көрсетілетін қызметті берушінің сараптама қорытындысының нәтижесі туралы тіркелген хаты көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберуге немесе қолма-қол беруге негіз болыптабылады.