• Мое избранное
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 8328 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
2014 жылғы 16 шілдедегі
шығыс № 20-05/01-2-23950//17-5/07-359п1.2 хатқа қатысты
 САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз:
  Қазіргі уақытта 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қарқынды индустриялық-инновациялық дамуы Бағдарламасының жобасы әзірленген (бұдан әрі – Бағдарлама), оның шегінде басым салалар ретінде машина жасау, химия, азық-түлік өндірісі, құрылыс индустриясы және т.б. секілді салалар айқындалған.
  Бағдарлама жобасына сәйкес жеңіл, жиһаз жасау, буып-түю  сияқты өңдеу өндірісінің маңызды салалары басым салаларға кірген жоқ, алайда олар Бағдарлама жобасы шеңберінде қолдау көрсету қарастырылған аумақтық кластерлерге енгізілді. Осы орайда, мақсатқа сай деп санаймыз:
  4-1-тармақты келесі редакцияда жазылсын:
  «4-1. Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес жүзеге асырылады.
  Бұл ретте, республикалық индустрияландыру картасына, осы Қағидалардың 56-1-тармағымен қарастырылған жағдайларда, Бағдарлама басымдылықтарына сәйкес келмейтін салаларда іске асырылатын жобалар енгізіледі»;
  келесі мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
  «56-1. Комиссия шешімі бойынша республикалық индустрияландыру картасына құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын және/немесе Бағдарлама бойынша басым болып табылмайтын салаларда іске асырылатын жобалар енгізілуі мүмкін.»;
  келесі мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
  «4-3. 4-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген Жобалар, осы Қағидалардың 56-1-тармағында қарастырылған жағдайларда республикалық индустрияландыру картасына енгізіледі.»;
  7-тармақтың 5) тармақшасы қолданыстағы редакцияда қалдырылсын:
  «5) құны 750 млн. теңгеден асатын жобалар үшін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобалар туралы ақпаратты,».
  4-2-тармаққа сәйкес индустрияландыру картасының жобалары ҚР аумағын ұйымдастырудың бас схемасын ескере отырып, іріктеледі.
  «Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы - елдің аумақтық бәсекелік артықшылықтарын іске асыру және тұрақты дамуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді кеңістіктік дамуының пайымдауын және аумақты оңтайлы ұйымдастыру жүйесін қамтитын кала құрылысы жобасы.
  Бұдан туындайтыны, жоспарланатын (болашақ) инвестициялық жобалардың Бас схемаға байлануы, жаңа өндірістердің құрылуы үшін артық кедергілер тудыратын болады, 21-1-тармақтың екінші абзацын келесі редакцияда жазу мақсатқа сай деп санаймыз:
  «Қорытынды оны аймақтық даму облысындағы уәкілетті органда тіркеген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкестігі қорытындысы ұсыныстық сипатта болады».
  Сондай-ақ қажет деп есептейміз:
  48-тармақты «жергілікті уәкілетті орган» сөздерімен толықтыруды және келесі редакцияда жазуды:
  «48. Салалық комиссия отырысында жобалар және ұлттық компаниялардың кепілдендірілген тапсырысымен қамтамасыз ету мәселесін енгізе отырып, мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну мүмкіндіктері талқыланады, содан кейін жобаларды республикалық және/немесе аймақтық индустрияландыру карталарына ұсыну не жобаны республикалық картаға енгізуден бас тарту немесе жобаны пысықтауға жергілікті уәкілетті органға қайтару мәселесі бойынша алқалық шешім қабылданады, және мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бекітіледі. Салалық комиссияның шешімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан боойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.»;
  келесі мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
  «48-1. Салалық комиссия отырысында республикалық индустрияландыру картасына енгізуге қабылданбаған Жобалар кеңес шешімі бойынша аймақтық индустрияландыру карталарына енгізіледі.»;
  53-тармақта «жүгінушіге» сөзі «жергілікті уәкілетті органға» сөздерімен ауыстырылсын және келесі редакцияда жазылсын:
  «53. Бағалауды өткізген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде штаб жобаларды республикалық картаға енгізу, жобаны жергілікті уәкілетті органға пысықтауға қайтару немесе Бағдарлама басымдықтарына сәйкес келмеген кезде қабылдамау бойынша хаттамалық шешім қабылдайды.»;
  Өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаментінің директоры Д. Ткаченко