• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9614 тіркелді

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 29.09.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары  бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурор А.Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
2014 жылғы 8 шілдедегі
 № 69 бұйрығымен
 бекітілген
Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары
Атау жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тақырып жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің осы қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) аттесттауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі – тестілеу) айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Тестілеуді өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілеттілігін әділ бағалау.
3. Аттестатталатын адамдарды тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура) Бас прокуратураның тестілеу залында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі» ақпараттық жүйесінде «Он-лайн» режимінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тестілеу процесі Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының қорғалатын арналары бойынша аудио – бейне хаттамамен бейнеконференцбайланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.
4. Компьютерлік тестілеудің әділдігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандартты болуымен қамтамасыз етіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметтері):
5-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығымен (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін, туылған кезін, білімін, мамандығын, аттестаттау кезіндегі қызметін, сыныптық шенін (әскери атағын) көрсете отырып, тестілеуге жататын аттестатталушы қызметкерлердің тізімін әзірлейді. Жеке мәліметтер Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады (құжат тілінде);
2) аттестатталушы қызметкерлерді тестілеуді өткізудің орны, мерзімі және уақыты туралы хабардар етеді;
3) аттестатталушы қызметкердің тестілеуге уақтылы келуін және жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелік әкімшілеуді жөнге келтіру және орнату аясында арнайы білімі бар техникалық маманның болуын қамтамасыз етеді.
Кадр қызметтері «Он-лайн» режимінде тестілеуге жататын аттестатталатын қызметкерлердің адамдардың тізбесін тестілеуге дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын Бас прокуратураның кадр қызметіне тапсырады.
2-тарау. Тестілеуді өткізу
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Тестілеу өткізетін жай аттестатталушылардың ыңғайлы отыруына сәйкес, ал компьютерлер бейнеконференц байланысының тура көрінетін аумағына орналастырылуы қажет.
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығымен (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7-тармақ алынып тасталды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығымен (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Тестілеуді жүргізу кезінде бөлмеде тек қана аттестатталатын адамдар болады. Бұл ретте кадр қызметінің өкілі, сондай-ақ техникалық маман міндетті түрде қатысады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Тестілеу сәтінде өзін-өзі дұрыс сезінбеген аттестатталатын адам бұл туралы тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкіліне хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай адамдарды тестілеу басқа уақытта жүргізіледі.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10. Аттестатталушы қызметкерлерде жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары болуы шарт. Өздерінде Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары жоқ аттестатталушы қызметкерлер тестілеуге жіберілмейді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Тестілеу басталғанға дейін аттестатталушылар жүйенің пайдаланушысының басшылығымен қолдарын қойып таныстырылады.
12. Тестілеу келесі тәртіпте жүргізіледі: заңнаманы білуге арналған тестілеу (100 сұрақ), логикалық ойлау (10 сұрақ).
13. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған және логикалық тестілеуді орындауға берілетін жалпы уақыт 110 минутты құрайды. Оның ішінде 90 минут Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді орындауға және 20 минут логикалық тестілеуді орындауға бөлінеді.
14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тест бойынша шекті мәндер прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарының барлық санаттары үшін нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% болатын дұрыс жауаптарды құрайды.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
15. Логикалық тестілеу бойынша төменгі шекті мәні белгіленбейді.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тесттер, осы Қағидаларға қоса берілген қосымшаға (бұдан әрі - Мамандандыру) сәйкес, № 4 блокты қоспағанда, прокурорлық қадағалаудың бағыттары бойынша, ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі бойынша прокурорлық қадағалаудың мамандануына сәйкес әр блокқа міндетті 40 сұрақ және арнайы 60 сұрақты енгізе отырып, 7 блок бойынша орналастырылады.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
17. Мамандандыру № 1-3 блоктарының тестілеу сұрақтары бойынша келесі қызметкерлер Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтеді:
17-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығымен (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Бас прокуратураның басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, аға прокурорлары, инспекторлары;
облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;
аудан және оларға теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастықтары;
аудандардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорлары, аға прокурорлары;
құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына жеткен, сондай-ақ оған келесі үш жылда жететін (құқық қорғау қызметіндегі өтілі  20 жылдан және одан асқан адамдарды қоспағанда) аттестатталуға жататын қызметкерлер;
прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарында немесе мемлекеттік қызметтегі) қызмет өтілі 1 жылдан аспайтын аттестатталушы қызметкерлер.
Бұл ретте, бұл қызметкерлер өз қалаулары бойынша тестілеуден өту үшін үш блоктың (№ 1 блок, № 2 блок, № 3 блок) біреуін таңдайды.
18. Мамандандыру  № 5 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:
18-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығымен (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, аға прокурорлары;
ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;
ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің құқық қорғау қызметін оған жеткен, сондай-ақ соңғы үш жылда қызмет өткерудің шекті жасына жететін (құқық қорғау қызметіндегі өтілі 20 жылдан және одан асқан қызметкерлерді қоспағанда) аттестатталушы қызметкерлері;
ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарындағы немесе мемлекеттік қызметтегі) қызмет өтілі аспайтын 1 жылдан аттестатталушы қызметкерлері.
19. Мамандандыру  № 6 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:
19-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.09.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Бас әскери прокуратураның басқармаларының/бөлімдерінің бастықтары, олардың орынбасарлары;
19-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (05.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды