• Мое избранное
«Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы» қаулы жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы» қаулы жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-тармағынының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктерге мынадай:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап
банктің реттеуші меншікті капиталының (бұдан әрі - меншікті капитал) мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге дейін болса, 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап
меншікті капиталдың мөлшері 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеден 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеге дейін болса, 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге мөлшерде;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап
меншікті капиталдың мөлшері 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеден 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңгеге дейін болса, 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге мөлшерде;
4) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап
меншікті капиталдың мөлшері 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңгеден 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеге дейін болса, 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге мөлшерінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банктік операцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің ең жоғарғы лимиттері белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов