• Мое избранное

Отправить по почте

«Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 8307 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 04-1-20/2317-и хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірлескен бұйрығының жобасын (бұдан әрі - Жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
  Жобаның 1-тармағы 7-тармақшасына сәйкес қызметін химия өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпорын бару субъектісі болып табылады.
  Жоғарыда көрсетілген тармақты алып тастау қажет, өйткенi Жобаның 1-тармағы 6-тармақшасында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес «Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді» қамтитын «Өңдеу өнеркәсiбі» экономикалық қызмет түрі көзделген.  
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауап беруді сұраймыз.
  Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева