Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14,168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
16 тармақ мынадай мазмұндағы 239-384 тармақшалармен толықтырылсын:
239) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
240) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
241) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын алу жөніндегі ұсынысты енгізеді;
242) тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді;
243) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
244) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
245) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
246) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
247) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн айқындайды;
248) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгi ережені әзiрлейді;
249) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
250) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
251) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
252) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
253) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
254) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
255) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын әзірлейді;
256) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді;
257) аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
258) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
259) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын әзірлейді және бекітеді;
260) қорықшының төс белгісінің және айыру белгісі бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
261) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
262) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
263) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
264) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
265) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
267) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
268) су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
269) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді;
270) жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді;
271) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
272) су қоймаларын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді;
273) аңшылық, балық аулау қағидаларын әзірлейді;
274) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
275) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерлерін әзірлейді;
276) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлейді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
277) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді;
278) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
279) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
280) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;
281) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |