• Мое избранное
«Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 8-бабының 24-18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашасынан ерте емес қолданысқа енгiзiледi.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2014 жылғы _________________
 № 270-ө бұйрығымен
 бекітілген
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру - жануарлар түрлерін қолда және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;
3) өтінім жасаушы - Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіру туралы әкімшілік органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.
2. Тіркеу тәртібі
3. Өтінім беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді тіркеуге әкімшілік органға өтінім береді.
4. Өтінімге:
1) құрылтай құжаттары мен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкер үшін), жеке адамды куәландыратын құжаттардың (жеке тұлға үшін);
2) жануар түрінің шығу тегін растайтын құжаттардың (жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат тіркелген сауда-саттық шарты (бұрынғы иесінің), жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаты; Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсаты) көшірмелері қоса тіркеледі.
5. Әкімшілік орган өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды қарап, Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде рәсімдейді. 6. Куәлік осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның фирмалық бланкісінде рәсімделеді және өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналына (бұдан әрі – журнал) қол қойғызып беріледі.
7. Куәлік нөмірі журналдағы тіркеудің нөмірленуіне сәйкес қойылады.
8. Журнал нөмірленеді, тігіледі және оған әкімшілік органның мөрі басылады.
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
 асыратын жеке және заңды тұлғаларды
 әкімшілік органда тіркеу қағидасына
 1-қосымша
Нысан
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің
халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге
өтінім
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлік берулеріңізді сұраймын.
Жануарлар түрлерінің  
  атауы: _____________________________________________________________
 (мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде)
Жануарлар түрлерінің
шығу тегі: __________________________________________________________
 (еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілді)
Жануарлардың саны, жасы және жынысы (жынысы – балықтардың жыныс
мүшелері жетілген жағдайда): ________________________________________
  Мекенжайы: __________________________________________________________
 (жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның)
  20___жылғы _________ ____________________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
Мөр орны
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
 асыратын жеке және заңды тұлғаларды
 әкімшілік органда тіркеу қағидасына
 2-қосымша
Нысан
 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің
халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және
ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы
№ ___ куәлік
  __________________________________________________________ берілген
(жануар иесінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) ұйымның атауы)
  Орналасқан жерінің мекенжайы: _______________________________________
мына жануарлар түрлерін жасанды өсіртуді жүзеге асырады:
 

р/с№

Жануар түрлері

Конвенцияның қосымшасы

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Латын тілінде

Жануарлардың саны, жасы және жынысы (жынысы - балықтардың жыныс мүшелері жетілген жағдайда)















  Берілген күні 20__ ж. «__» _______
Куәлік берілген сәттен бастап үш жыл ішінде жарамды.
____________________________________________   ______
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))   (қолы)
Мөр орны
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
 асыратын жеке және заңды тұлғаларды
 әкімшілік органда тіркеу қағидасына
 3-қосымша
Нысан
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің
халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналы
 

р/с №

Куәліктің нөмірі және күні

Жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/заңды тұлғаның атауы

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарлар орналасқан жердің мекенжайы

Қолы



Беруші

Алушы













«Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
 

р/с

Жобада көрініс табуы тиіс

мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның

ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі





«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 203-V

3

Жоба қабылданған жағдайда ұсынылатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қабылдау қандай да болмасын теріс әлеуметтік және/немесе құқықтық зардаптар туғызбайды

4

Жобаны жүзеге асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар

Қаржы шығындары талап етілмейді.

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжамдалатын тиімділігі

Жобаның мақсаты жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді ішінара автоматтандыру болып табылады.

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұдан бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

Бұдан бұрын қабылданған Президенттің және Үкіметтің актілері жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкестендіру қажеттілігі



« Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің

халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына

түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын

жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу

қағидасы»
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 270-Ө бұйрығының к үші жойылды деп танылсын

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша оны басқа ұйымдарда өткізілген жағдайда қосымша сараптаманың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) нәтижелері



9

Басқа да мәліметтер

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік қондырғыларына материалдар (үзінді-көшірмелер) беру

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің www.eco.gov.kz сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылды

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

« Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жабасы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің www.eco.gov.kz сайтында орналастырылды

Вице-министр Е. Нысанбаев