• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.12.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 шілдеде № 9579 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 25 желтоқсаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 29.10.2015 жылғы № 875 Бұйрығына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 63) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы акті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не оны тоқтата тұру туралы акті.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 386 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілері формаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8666 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау және өртке қарсы қызмет комитеттері және Азаматтық қорғаныс департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың күшіне енген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың күшіне енген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
 2014 жылғы 11 маусымдағы
 № 287 бұйрығына
 1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органының және ведомствосының атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органының немесе ведомствосының

мекенжайы және телефон / факс нөмірі

«____» _________ 20__г.

Наименование ведомства или территориального органа Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

адрес и № телефонов/факсов ведомства или территориального органа Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

_______________________ Акт құрастыру орыны/

место составления Акта

  ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АКТІ № _________
АКТ О РЕЗУЛЬТАТАХ ПРОВЕРКИ № _____________
                         ___________________________________________
                        кәсіпорынның (қауіпті өндірістік объектінің) 
                                      басшысы/руководитель
                     предприятия (опасного производственного объекта)
                               ______________________________________
                                 тегі, аты-жөні /фамилия, инициалы
Мемлекеттік инспектор (Мемлекеттік инспекторлар)
Государственным инспектором (государственными инспекторами)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру жүргізген тұлғанын (тұлғалардын) тегі, аты-жөні,
лауазымы/фамилия инициалы, должность лица (лиц), проводившего
проверку
қатысуымен/в присутствии ___________________________________________
_____________________________________________________________________
тексерілетін субъектінің атауы немесе тегі, аты-жөні, тексеруді 
жүргізу кезінде сол жерде болған жеке немесе заңды тұлға өкілінің
лауазымы / наименование проверяемого субъекта, должность
представителя физического или юридического лица, присутствовавших при
проведении проверки
 _____________________________________________________________________
   20____ж. __________аралығында /в период с _____по ____20__ г. 
азаматтық қорғау саласындағы (өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі,
азаматтық қорғаныс) Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының
сақталуына жоспарлы, жоспардан тыс (кешенді, тақырыптық)
тексеру жүргізді/проведена плановая, внеплановая (комплексная,
тематическая) проверка соблюдения требований законодательства
Республики Казахстан в области гражданской защиты (пожарной и
промышленной безопасности, гражданской обороны)