• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қол қою туралы
1. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы, осы келісімнің тараптары ретінде
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Жарғысын қарастырып,
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының штаб-пәтері Астана қаласында орналасатындығы көрсетілген Жарғының 2-бабына сілтеме жасай отырып,
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы және оның персоналы Қазақстан Республикасының шегінде ие болатын мәртебені, артықшылықтар мен иммунитеттерді анықтау мақсатында,
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:
b) Жарғы немесе Ұйым Жарғысы - Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысы;
с) Мүше мемлекеттер –Ұйым Жарғысына қосылған Ислам Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттері;  
d) Ұйымның ресми қызметі – әкімшілік қызметті қоса алғанда, Жарғының 4-бабының әрекет ету шеңберінде Ұйымның мақсаттары мен функцияларын іске асыруға сәйкес келетін қызметтердің барлық түрлері;
е) Ұйымның персоналы – Ұйымға жұмыс істейтін, мүше-мемлекеттердің азаматтарынан тұратын персонал;
f) Ұйымның мұрағаты – Ұйымға тиесілі немесе оның иелігіндегі форматвына қарамастан жазбалар, хат-хабарлар, құжаттар, файлдар, хабарламалар, оның ішінде электрондық түрде, қолжазбалар, фототүсірімдер, кино-бейне материалдар, сондай-ақ дыбыстық жазбалар;
g) Ұйымның үй-жайы – Ұйымның ресми қызметі үшін пайдаланылатын жер, ғимарат, объектілер;
h) Бас Директор - Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы Хатшылығының Бас директоры.
Ұйым, толық заңды тұлға бола отырып, келісімшарттар жасауға, қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті алуға және басқаруға, және соттың қарауына сот істерін енгізуге уәкілетті.  
Ұйымның мүлкі және активтері, олар қайда болса да және оларды кім иеленсе де, Ұйым атынан әрекет ететін Бас директор иммунитеттерден анық түрде бас тартқан жағдайды қоспағанда, Келісімде танылған иммунитеттер мен артықшылықтарға ие болады.
1) Ұйым мақсаттарына сәйкес қолданылған шарттарда Ұйымның үй-жайларына қол сұғуға болмайды. Осы мағынада, олардың қайда және оларды кім иелігінде болғанына қарамастан оның мүлкі және активтері тінтуге, реквизициялауға, тіркілеуге және орындаушылық, сот, әкімшілік немесе заңнамалық әрекеттер жолымен қандай да бір өзге қолсұғушылық нысанына жол берілмейді.  
2) Қазақстан Республикасы Ұйымның бюджет қаражаты есебінен шаруашылық шарттардың негізінде оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайлармен қамтамасыз етуде Ұйымға көмек көрсетеді көрсетеді.
3) Қазақстан Республикасының билік және басқару органдарының өкілдері Бас директордың немесе оны алмастыратын адамның келісімінсіз Ұйымның үй-жайына кіре алмайды.
Қазақстан Республикасының тиісті билік және басқару органдарының шешімі бойынша кез-келген әрекеттерді орындау Ұйымның үй-жайларында тек Бас директордың немесе оны алмастыратынадамның келісіміменғана орындалуы мүмкін.
4) Ұйымның үй-жайы Тараптардың бірінің заңы бойынша іздестіруде жүрген немесе мүше мемелекетке немесе үшінші мемлекетке ұстап беруге жататын адамдарға баспана бола алмайды.
5) Ұйым үй-жайларының қол сұғылмаушылығы олардың Ұйымның функцияларымен сәйкес келмейтін немесе Тараптардың қауіпсіздігіне, олардың заңды немесе жеке тұлғаларының мүдделеріне залал келтіретін мақсаттарға пайдалануға құқық бермейді.
6) Қазақстан Республикасы Ұйымның үй-жайларын кез келген қол сұғушылықтан және залал келтіруден қорғау үшін тиісті қабылдайды.
7) Ұйым Ұйымның туын, эмблемасын немесе басқа да рәміздерін орналасқан үй-жайларда орналастыруына және оларды қызметтік автокөлік құралдарына пайдалануына болады. Ұйым рәміздерін басқа орындарда орналастыру Қазақстан Республикасымен келісуге жатады.
8) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын Ұйымның лауазымды тұлғалары және қызметкерлері тұрып жатқан тұрғын үйлер Қазақстан Республикасында қол сұғылмайды және олар тінтуден, реквизициядан, тұтқындаудан және орындаушылық іс әрекеттерден иммунитетті пайдаланады.
1) Ұйымның мұрағаттарынаолар қайда болғанына қарамастан, Ұйым мақсаттарына олар сәйкес келген шарттарда қол сұғылмайды.
2) Ұйымның лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің құжаттарына Қазақстан Республикасында кез келген уақытта және ақпарат тасымалдаушыға қарамастан қол сұғылмайды.
3) Ұйым өзінің ресми байланыс құралдарына қатысты Қазақстан Республикасы дипломатиялық миссияларға ұсынатын жағдайлардан қолайлырақ жағдайларды пайдаланады
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Ұйымның мақсаттарына сәйкес, қандай да бір шектеусіз, Ұйым:
а) валютаның кез-келген түріне ие бола алады және кез-келген ақша бірлігінде есеп шоты болады;
b) өз қаражатын Қазақстанға және/немесе Қазақстаннан еркін аудара алады және оларды ресми қолданыстағы айырбастау бағамен кез-келген басқа ақша бірлігіне айырбастай алады.
1) Ұйымның өзі, оның активтері, кірістері, басқа мүлкі салық салудан босатылады. Алайда, Ұйым салықтарды төлеуден, алымдардан, баж салығынан қызмет көрсетудің (қызметтердің) нақты түрлері үшін төлеуге жататын төлемдерден босатылуға үміткер бола алмайды.
2) Ұйым барлық, соның ішінде оның қызметтік қолданылуы үшін Ұйым әкелетін немесе әкететін тауарларға қатысты кедендік салықтардан, алымдардан және баж салығынан босатылады. Оларды басқа мақсаттарда қолдану, оның ішінде оларды сату немесе қолдануға беру кеден салығын төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да талаптарды орындауға алып келеді.
3) Ұйымның мақсатына сәйкес келетін, Ұйым экспорттайтын және импорттайтын жарияланымдар барлық кедендік алымдардан босатылатын болады.
Ұйым персоналы мүше мемлекеттердің азаматтарынан тұрады, және халықаралық қызметкерлер штаты ретінде қарастырылады. Қызметтік міндеттерді орындаудың барлық мерзімі бойы Ұйым персоналы Ұйымның мақсаттары мен мүдделеріне сәйкес әрекет етуі қажет.
Ұйымның Бас директоры, лауазымды адамдары және қызметкерлері халықаралық қызметкерлер болып табылады және Қазақстан Республикасының билік органдарынан немесе ресми адамдарынан нұсқаулар сұратуға немесе алуға тиісті емес.
Қазақстан Республикасы Ұйымның Бас директорының, лауазымды адамдардың және қызметкерлерінің функцияларының халықаралық сипатын мүлтіксіз құрметтеуге және оларға ықпал жасамауға міндеттенеді.
1) Персоналды жалдау немесе жұмыстан босату жағдайында Ұйым Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін хабардар етеді. Бұдан басқа, Ұйым персоналдың ағымдағы тізімін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне тапсырады. Осы тізімде қызметкер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатындығы немесе Қазақстанда тұрақты тұратындығы көрсетіледі.
2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұйымның ресми түрде хабардар етілген қызметкерлерін сәйкестендіру карточкаларымен қамтамасыз етеді.
Ұйымның лауазымды тұлғалары және олармен бірге Қазақстан Республикасында тұрып жатқан отбасы мүшелері:
а) лауазымды тұлғалар ретінде айтылған немесе жазылған немесе жасалған әрекеттері үшін қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды;
b) Ұйым төлейтін еңбекақы төлеміне және басқа да сыйақыларға салық салудан босатылады;
c) барлық міндетті мемлекеттік борыштылықпен босатылады;
d) көшңп келу бойынша шектеулерден және шетел азаматтары ретінде тіркеуден босатылады;
e) тасымалдау, сақтау, белгіленген орындардан тыс жерлерде кедендік немесе тиісті кеден органының жұмыс уақытынан тыс уақытта ресімдеу және осы тәріздес қызмет түрлерін қоспағанда, бастапқы мүліктенуге арналған заттар және басқа да мүлік үшін кедендік баж салықтарын, салықтарды және осыған байланысты алымдарды төлеуден босатылады, баж салығын төлемей үйде қолданылатын жеке заттарды және бір моторлы көлікті импорттауға құқылы. Аталған заттарды және мүлікті басқа мақсаттарда қолдану, соның ішінде сату, қолдануға беру кедендік төлемдерді төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да талаптарды орындауға алып келеді;
f) валютаны айырбастауға қатысты шектеулер бойынша дипломатиялық қызметкерлерге берілетін жеңілдіктерге ие;
g) қажет болған жағдайда оларға олардың жұбайларына және олардың отбасы мүшелеріне отанына оралу кезінде формальдылықтарға қатысты дипломатиялық қызметкерлерге берілетін жеңілдіктерге ие болады.
"b", "d", "e", "g" тармақтары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе онда тұрақты тұрып жатқан лауазымды тұлғалар және олардың отбасыларына таралмайды. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Ұйымның лауазымды тұлғалары және оның отбасы мүшелері егер, Қазақстан Республикасының құзыретті органдары Ұйымның өтініші бойынша аталған тұлғаларға қажетті уақытша кейінге қалдыруға рұқсат берген жағдайда, олар әскери борыштылықтан босатылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа кеңесшілер және/немесе сарапшылар ретінде уақытша негізде жалданған қызметкерлер 11-баптың b) және c)  тармақтарында белгіленген артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болады.
Қазақстандық азаматтар немесе Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары болып табылатын Ұйым қызметкерлері еңбек заңнамасы және әлеуметтік сақтандыру заңнамасына қатысты Қазақстанның заңдары мен регламенттеріне сәйкес қарастырылады. Осы мәселе бойынша кез-келген даулар туындаған жағдайда Қазақстанның соттары оларды қарастыруға уәкілетті болады.
Ұйымның Бас директорына, лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік (сақтандыру) қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы тағайындау және төлеу Ұйымның Бас директор, лауазымды тұлғалары және қызметкерлері олардың ресми функцияларынатқару кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына төлемдер төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Ұйымның бюджетінен жүзеге асырылады.
Ұйымның Бас директорын, лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру олар азаматтары болып табылатын мүше-мемлекеттердің заңнамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, мүше-мемлекеттер заңнамасымен белгіленген зейнетақымен қамсыздандыруға төлемдер төлеу Ұйымның Бас директоры, лауазымды тұлғалары және қызметкерлері олар азаматтары болып табылатын мүше-мемлекеттердің тиісті қорларына Ұйымның бюджетінен жүргізіледі. Ұйымның Бас директорына, лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін төлеу жөніндегі шығыстарды олар азаматтары болып табылатын мүше-мемлекеттер өтейді.
Зейнетақы немесе әлеуметтік қамтамасыз ету (сақтандыру) бойынша төлемдерді тағайындау кезінде Ұйымның Бас директоры, лауазымды тұлғалары және қызметкерлері ретінде жұмыс істеу кезеңі олар азаматтары болып табылатын мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сақтандыру немесе еңбек өтіліне қосылып есептеледі.
5-БӨЛІМ. АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ұйым персоналының артықшылықтары мен иммунитеттері дербес және жеке басқа арналған сипатқа ие емес, бірақ олардың өздеріне Ұйым жүктеген функциялар еркін жүзеге асыруына арналған. Қазақстан Республикасының Үкіметі қандай болса да бір қажеттілік болған жағдайда Бас Директорға Ұйым персоналының иммунитетінен бас тарту өтінішімен жүгіне алады.
1) Ұйым осы Келісімде қарастырылған артықшылықтар мен иммунитеттерді асырып қолдануды алдын алу мақсатында мүше-мемлекеттердің билік және басқару органдарымен ынтымақтастықты тұрақты жүзеге асырады.
2) Осы Келісімнің бірде-бір ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қолдану құқығын шектемейді. Бұндай жағдайда Ұйым Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет деп санаған шараларды бірден қолдануы тиіс.
Осы Келісімге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын барлық тұлғалар, олардың артықшылықтары мен иммунитеттеріне зиян келтірместен, Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, олар осы мемлекеттің ішкі істеріне араласпауға міндетті.
Ұйымның пікірі бойынша иммунитет әділеттілікті жүзеге асыруға кедергі келтіретін және иммунитеттен бас тарту ол берілген мақсаттарға зиян келтірмейтін жағдайда Ұйым өзінің лауазымды тұлғасының иммунитетінен бас тартуы мүмкін. Бас Директорға қатысты иммунитеттен бас тарту құқығы Ұйымның Бас Ассамблеясына жатады.
Ұйым өзі тарап болып табылатын келісімдерден немесе жекеменшік құқықтан туындайтын дауларды және осы Келісімнің 3 және 18-баптарына сәйкес осындай иммунитеттерден бас тартпаған жағдайда, олардың лауазымдық жағдайының күшіндегі жоғарыда аталған иммунитеттері ие бар Ұйымның персоналына қатысты дауларды тиісті түрде шешу үшін қажетті шараларды қолданлады.
Бас Директор Келісімнің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен ынтымақтасады.
7-БӨЛІМ: ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР, КҮШІНЕ ЕНУІ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТІНІҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
1) Осы келісім Қазақстан Қазақстан Республикасының Үкіметі және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы осы келісімге қол қойғаннан кейін, Қазақстан Республикасы дипломатиялық арналар арқылы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі құқықтық рәсімдердің аяқталғаны туралы Ұйымды жазбаша нысанда хабардар еткен күні күшіне енеді.  
2) Осы Келісімге енгізілетін кез-келген түзетулер осы Баптың 1) тармағында көрсетілген рәсімге сәйкес күшіне енеді.
Осы Келісім Ұйымның жарғысы әзірше әрекет етіп тұрғандажәне Ұйымның штаб-пәтері әзірше Қазақстан Республикасында орналасып тұрғанда қолданыста болады.
Осы Келісім, егер Тараптардың бірі басқасын осы Келісімнің болжамды бұзылу күнінен 1 (бір) жыл бұрын оның күшін тоқтату туралы өзінің ниеті жөнінде хабар еткенде және оны жазбаша куәландырғанда бұзылуы мүмкін.  
Осы Келісім әрқайсысы қазақ, орыс, ағылшын, француз және араб тілдерінде үш данада жасалды, барлық мәтіндер тең күшке ие. Түсіндіру кезінде келіспеушіліктер орын алған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие.
 Жоғарыда аталғанды растау үшін екі тараптың өкілдері осы Келісімге қол қойды және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас Хатшысы куәландырды, 2014 жылғы __/__ Астана қаласында қойылған қолтаңбалар төменде келтірілген.  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ

АТЫНАН

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ АТЫНАН







Кәрім МӘСІМОВ

Премьер-Министр

_____________

Уақытша Бас Директор





ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ҰЙЫМЫНЫҢ

АТЫНАН







Ияд Амин МАДАНИ

Бас Хатшы

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 



р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесi

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараттары

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңы, «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға алып келмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жоқ

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы және оның персоналы Қазақстан Республикасының шегінде ие болатын мәртебені, артықшылықтар мен иммунитеттерді анықтау

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1327 қаулысы



7.

Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкестендірудің қажеттілігі

Жобаны қабылдау басқа заңнамалық, нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері



9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10 .

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)