• Мое избранное

Отправить по почте

«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 8342 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
 САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексінің 31-бабына сәйкес денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. Осыған байланысты, денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссиялар құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ бейінді қауымдастықтардың өкілдерін енгізуді ұсынамыз.
   Осыған байланысты, Жобаның 18-тармағының 3-абзацында «заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бейінді қауымдастықтардың өкілдері» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз.
   Сондай-ақ, Жобаның 20-тармағының 6-абзацында «үкіметтік емес ұйымдардың» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бейінді қауымдастықтардың» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз.
  Жоғарыда баяндалғанның негізінде берілген ұсыныстарды ескеруді сұраймыз.  
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.